21. Тордағы барлық көжектердің аяқтарының саны 84, онда көжектердің саны қанша? А) 42 Ә) 21 Б) 36
22. 5 тәулік 12 сағатта неше сағат бар екенін көрсет. А) 312 сағ Ә) 132 сағ Б) 512 сағ
23. Екі велосипедші бір ауылдан бір мезгілде бір бағытта жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы біріншісінен 5 км/сағ артық болса, 3 сағаттан кейін олар бір-бірінен қандай қашықтықта болады? А) 15 км Ә) 87 км Б) 55 км
24. Бүркіт 30 жыл өмір сүреді, бұл тасбақаның өмірінің жалғасынан 10 есе кем. Тасбақа қанша жыл өмір сүреді? А) 300 Ә) 3 Б) 40
25. 35 күнің неше апта? А) 3 апта Ә) 4 апта Б) 5 апта
№28-ТЕСТ
1. Қай сан 5-ке қалдықсыз бөлінеді? А) 400782 Ә) 400789 Б) 40780
2. Тік төртбұрыштың ұзындығы 70 см, ені 5 см. Оның ауданын тап. А) 35 Ә)350 Б) 150
3. Дұрыс пайымдауды анықта. Жылдамдықты табу үшін қашықтықты уақытқа ... керек. А) Көбейту Ә) Бөлу Б) Кеміту
4. Алты жүз төрт мың төрт саны қайсысы? А) 60404 Ә) 60440 Б) 604004
5. Сегіз миллиард бес мың үш төрт санының цифрлармен жазылуы. А) 8005304 Ә) 8000005304 Б)800005304
6. 709004050 санының оқылуы. А) жеті мың тоқсан миллион төрт мың елу Ә)жеті миллиард тоғыз миллион төрт мың елу
Б) жеті жүз тоғыз миллион төрт мың елу
7. 6 т нан дүкендерге жөнелтілді. Бір дүкенге 1035 кг, екіншісіне одан 3 есе артық, ал қалғаны үшінші дүкенге жіберілді. Үшінші дүкенге қанша кг нан түсті? А) 1850 кг Ә) 1840 кг Б) 1860 кг
8. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреу 90 км/сағ, ал екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп 3 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арасы неше км? А) 520 км Ә) 510 км Б) 540 км
9. Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, бұл оның енінен 3 есе артық. Тік төртбұрыштың ауданын тап. А) 48 Ә) 4 Б) 46