Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі Жалпы ережелер



бет5/5
Дата17.01.2023
өлшемі67,5 Kb.
#61577
1   2   3   4   5
Үшінші (облыстық) кезеңді
ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

33. Үшінші (облыстық) кезеңді облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары белгілеген мерзімдерде өткізеді.


34. Үшінші (облыстық) кезеңнің қатысушылары әр пән мен сынып бойынша екінші (аудандық/қалалық) кезеңнің жеңімпаздары болып табылады.
35. Үшінші (облыстық) кезеңді ұйымдастыру және өткізу үшін Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары және облыстық «Дарын» орталықтары ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді.
36. Ұйымдастыру комитетінің құрамына ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен мүшелері кіреді. Төрағалар болып облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары айқындалады.
37. Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
- жұмыстарды орындау аяқталғаннан кейін қатысушылар тексеру үшін қазылар алқасының мүшелеріне әрбір пән мен сынып бойынша барлық қатысушылардың шифрланған және сканерленген жұмыстарын жібереді;
- Олимпиада қорытындыларын талдайды және жинақтайды;
- олимпиада қорытындылары туралы ақпаратты облыстық «Дарын» орталықтары жасайды.
- кезең қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының рейтингін жасайды және интернет-ресурстарда жариялайды.
38. Олимпиаданың үшінші кезеңінің тапсырмаларын облыстық «Дарын»орталықтары ұйымдастыру комитетінің жауапты мүшесіне құпиялылық пен сақталуын қамтамасыз ете отырып, барлық облыстар бойынша бір мезгілде жібереді.
39. Ұсынылған олимпиадалық тапсырмалардың құпиялылығын қамтамасыз ету және бейнетрансляцияны сапалы қамтамасыз ету үшін жауапкершілік облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының жәнеоблыстық «Дарын» орталықтарының басшыларына жүктеледі.
40. Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, жоғары біліктілік санаты бар тәжірибелі мұғалімдер, сондай-ақ мектептердің, жоғары оқу орындарының түлектері және студенттер болып табылатын облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіруі мүмкін. Қазылар алқасының құрамына оқушылары үшінші (облыстық) кезеңге қатысатын педагогтар кірмейді.
41. Оқушылардың тапсырманы орындау процесі олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталғанға дейін бейнетаспамен және бейнежазбаның келесі сақталуымен сүйемелденеді.
42. Турлар аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының шифрланған және сканерленген көшірмелері облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының және облыстық «Дарын» орталықтарының интернет-ресурсында орналастырылады.
43. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының және облыстық «Дарын» орталықтарының интернет-ресурсында орналастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет