Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі Жалпы ережелер


Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін



бет3/5
Дата17.01.2023
өлшемі67,5 Kb.
#61577
1   2   3   4   5
Байланысты:
РЮО Ереже 2023 каз

Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін
Ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

13. Бірінші (мектепішілік) кезеңді білім беру ұйымдарында ағымдағы оқу жылының 01 қарашасынан кешіктірмей қалалардың білім басқармалары, аудандардың білім бөлімдері өткізеді.


14. Олимпиаданың бірінші (мектеп) кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін білім беру ұйымының басшысы Ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі – мектеп ұйымдастыру комитеті) құрады және бекітеді.
15. Мектептің ұйымдастыру комитетінің құрамына ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен мүшелері кіреді. Төраға болып білім беру ұйымының басшысы айқындалады.
16. Мектеп ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданың бірінші (мектеп) кезеңін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
- Олимпиада қорытындыларын талдайды және жинақтайды;
- Олимпиаданың қорытындысы туралы ақпаратты аудандық (қалалық) білім бөліміне жолдайды;
17. Орындалған жұмыстарды бағалау, оқушылардың жұмысын тікелей тексеру және бағалау, тапсырмаларды талқылау және түсіндіру, апелляция жүргізу үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамы бекітіледі. Қазылар алқасының құрамына жоғары білікті әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ мектептердің, жоғары оқу орындарының түлектері және студенттер болып табылатын облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіруі мүмкін.
18. Олимпиаданың бірінші (мектеп) кезеңін аяқтау қорытындысы бойынша орта және жалпы орта білім беру ұйымдары кезең аяқталған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде әрбір пән мен сынып бойынша қорытынды хаттамаларға сәйкес Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңіне қатысу үшін командалар құрылады.


Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді
Ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

19.Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді Астана Алматы және Шымкент


қалаларының білім бөлімдері, белгіленген уақытта ұймдастырып, өткізеді.
20. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңнің қатысушылары әр пән мен сынып бойынша бірінші мектепішілік кезеңнің жеңімпаздары болып табылады.
21. Мамандандырылған Білім беру ұйымдары үшін олимпиаданың екінші кезеңі Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңіне теңестіріледі.
22. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді ұйымдастыру және өткізу үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандық білім бөлімдері ұйымдастыру комитетінің құрамын құрады және бекітеді.
23. Ұйымдастыру комитетінің құрамына ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен мүшелері кіреді. Төраға болып аудан/қала білім басқармасының басшысы айқындалады.
24. Ұйымдастыру комитеті:
-Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
- Олимпиада қорытындыларын талдайды және жинақтайды;
-Олимпиада қорытындысы туралы ақпаратты облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларына жолдайды. Кезең қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының рейтингі жасалады.
25. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңнің олимпиадалық тапсырмалары құпиялылықпен сақталуын қамтамасыз ете отырып, бүкіл республика бойынша ұйымдастыру комитетінің жауапты мүшесіне бір мезгілде жіберіледі.
26. Олимпиадалық тапсырмалардың критерийлері және бағалау.
Тест саны – 30, тест тапсырмаларының нысаны – «бір дұрыс жауабы бар жабық». Әр тапсырманың жанында тапсырма қанша ұпаймен бағаланатыны көрсетіледі.
Тапсырмаларды орындау уақыты – 90 минут,
Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы үшін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет