Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының мектепішілік, аудандық кезеңдерін


IV. Олимпиада турын өткізу кезінде қатысушыларға қатаң тыйым



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата22.12.2022
өлшемі409,8 Kb.
#58921
1   2   3   4   5
Байланысты:
инструкция 7-8сын.олимп. мект,ауд кезеңдері қаз

IV. Олимпиада турын өткізу кезінде қатысушыларға қатаң тыйым 
салынады: 


4.1. кез-келген электронды ақпаратты, жеке компьютерлерді, мобильді және 
интернет байланыс құралдарын пайдалану; 
4.2. қатысушылар арасындағы әңгімелер; 
4.3. орнынан тұру; 
4.4. қатысушы орнынан орнына ауыстыру; 
4.5. қатысушылар арасында кез-келген материалдармен және заттармен 
алмасу; 
4.6. анықтамалық материалдарды, шпаргалкаларды, оқулықтарды пайдалану. 
V. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті 
5.1. Мектепішілік, аудандық, облыстық кезеңдерін өткізу жөніндегі 
нұсқаулықты Таланттарды анықтау және қолдау орталығы әзірлейді. 
5.2. Бірінші (мектептегі) кезеңді білім беру ұйымдарында қалалық , 
аудандық білім бөлімдері өткізеді. 
5.3. Олимпиаданың бірінші (мектептегі) кезеңін ұйымдастыру және өткізу 
үшін білім беру ұйымының басшысы Ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі - 
мектептің ұйымдастыру комитеті) құрады және бекітеді. 
5.4. Мектептің 
ұйымдастыру комитетінің құрамына ұйымдастыру 
комитетінің төрағасы мен мүшелері кіреді. Мектеп кезеңінде ұйымдастыру 
комитетінің құрамына басқа мектептің немесе ұйымның өкілін енгізу қажет 
(олар 
мұғалімдер, 
жақын 
маңдағы 
мектептер 
директорларының 
орынбасарлары, әдіскерлер, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің өкілдері 
болуы мүмкін). Төраға болып білім беру ұйымының басшысы айқындалады. 
5.5. Мектептің ұйымдастыру комитеті: 
5.5.1. олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін үйлестіреді және 
бақылайды; 
5.5.2. олимпиаданың қорытындыларын талдайды және қорытындылайды; 
5.5.3. олимпиаданың 
қорытындылары туралы ақпаратты аудандық 
(қалалық) білім бөліміне 2 күн ішінде жолдайды; 
5.6. Бірінші (мектепішілік) кезеңді білім беру ұйымдарында қалалық , 
аудандық білім бөлімдері өткізеді. 
5.7. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін ұйымдастыру және 
өткізу үшін білім беру ұйымының басшысы Ұйымдастыру комитетін (бұдан 
әрі - мектептің ұйымдастыру комитеті) құрады және бекітеді. 
5.8. Мектептің 
ұйымдастыру комитетінің құрамына ұйымдастыру 
комитетінің төрағасы мен мүшелері кіреді. Мектеп кезеңінде ұйымдастыру 
комитетінің құрамына басқа мектептің немесе ұйымның өкілін енгізу қажет 
(олар 
мұғалімдер, 
жақын 
маңдағы 
мектептер 
директорларының 
орынбасарлары, әдіскерлер, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің өкілдері 
болуы мүмкін). Төраға болып білім беру ұйымының басшысы айқындалады. 
5.9. Мектептің ұйымдастыру комитеті: 
5.9.1. олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін үйлестіреді және 
бақылайды; 
5.9.2. олимпиаданың қорытындыларын талдайды және қорытындылайды; 
5.10. Екінші (қалалық, аудандық) кезеңді білім беру ұйымдарында 
қалалалық, аудандық білім бөлімдері өткізеді. 


5.11. Екінші (қалалық, аудандық) кезеңде қалалық, аудандық білім бөлімдері 
ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді. 
5.12. Ұйымдастыру комитетінің құрамына төраға мен ұйымдастыру 
комитетінің мүшелері кіреді. Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің 
басшылары төраға болып табылады. 
5.13. Ұйымдастыру комитеті:
- олимпиаданың екінші кезеңін өткізуді үйлестіреді және бақылайды; 
- қатысушылар жұмысты аяқтағаннан кейін әр пән мен сынып бойынша 
барлық қатысушылардың шифрланған және сканерленген жұмыстарын
әділқазылар мүшелеріне тексеру үшін жібереді; 
- олимпиада қорытындысын талдайды және жинақтайды; 
- олимпиаданың қорытындысы туралы ақпаратты (сұраныс, хаттама, 
толтырылған кесте) Таланттарды анықтау және қолдау орталығына 2 күн 
ішінде жібереді, квотаға сәйкес әр пән бойынша жоғары ұпай жинаған, 7 
сыныптан 1 оқушының, 8 сыныптан 1 оқушының облыстық кезеңіне 
сұранысын жолдайды; 
- кезеңнің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының рейтингісін 
жасайды және интернет ресурстарында жариялайды. 
5.14. Олимпиаданы өткізу орнын эпидемиологиялық жағдайға байланысты 
жергілікті ұйымдастыру комитеті анықтайды. 
5.15. Олимпиаданы өткізу рәсімдері бойынша ұйымдастыру комитетінің 
кеңесі іс-шараға бір күн қалғанда өткізілуі тиіс. Кеңесте ұйымдастыру 
комитетінің төрағасы жауапты адамдар мен кезекшілерге нұсқау береді. 
5.16. Олимпиаданы өткізу үшін өткізілетін жалпы кабинетті камерамен 
қамтамасыз ету, яғни ютуб-каналына бейнетрансляцияны қосу және 
сілтемені ресми сайтта орналастыру қажет. Интернет үзіліп қалса, 
бейнежазба жалғастырылуы тиіс. 
5.17. Академиялық адалдықты сақтау мақсатында қатысушы оқушылардың 
орындалған жұмыстары және бағалау парақтары сканерленіп, жергілікті 
білім бөлімдерінің сайтында, оқушының аты-жөні белгіленбей жүктелуі тиіс. 
5.17. Орындалған жұмыстарды бағалау, оқушылардың жұмыстарын тікелей 
тексеру, тапсырмаларды талқылау үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамы 
бекітіледі. Қазылар алқасы мүшесінің құрамына жоғары оқу орындарының 
оқытушылары, әдіскерлер, жоғары біліктілік санаты бар тәжірибелі 
мұғалімдер, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының 
түлектері және студенттер болып табылатын облыстық, республикалық және 
халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіруі 
мүмкін. Қазылар алқасының құрамына оқушылары екінші кезеңге қатысатын 
педагогтар кірмейді. 
5.18. Екінші кезеңнің аяқталу қорытындылары бойынша ұйымдастыру 
комитеті Олимпиаданың қорытынды хаттама жасайды. 
Хаттама Нысаны: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет