" 24 " қарашадағы 2022 жылғы
№ 612 санды хатқа қосымша
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 7-8 СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР
ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК, АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢДЕРІН
ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ (ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ҮШІН)
І. 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық жасөспірімдер
олимпиадаы (бұдан әрі - Олимпиада)
1.1. Олимпиада келесі пәндер бойынша 4 кезеңде өткізіледі:
1) математика;
2) физика;
3) информатика;
4) химия;
5) биология;
6) география
7) қазақ тілі мен әдебиеті;
8) орыс тілі мен әдебиеті;
9) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;
10) қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;
11) ағылшын тілі;
12) Қазақстан тарихы.
1.2. «Қазақ тілі орыс тілінде оқытатын мектептердегі» пәні бойынша ұлты
қазақ емес оқушылар қатысады (ата-анасының екеуі де қазақ ұлты болмауы
тиіс), ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендіріледі.
ІІ. Олимпиада кезеңдері:
2.1. Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:
- бірінші (мектепішілік) кезең, 02 желтоқсан 2022 жыл, сағат 9:00-де;
- екінші (қалалық, аудандық) кезең, 14 қаңтар 2023 жыл, сағат 9:00-де ;
- үшінші (облыстық) кезең, 21 қаңтар 2023 жыл, сағат 9:00-де;
- төртінші (қорытынды) кезең, (қосымша хабарланады).
ІІІ. Олимпиада кезеңдерінің тапсырмалары:
3.1. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңінің тапсырмаларын
қалалық, аудандық білім бөлімдері әзірлейді және құрастырады.
3.2. Олимпиаданың екінші (аудандық, қалалық), үшінші (облыстық)
кезеңдерінің тапсырмаларын Таланттарды анықтау және қолдау орталығы
әзірлейді және құрастырады.
3.3. Олимпиаданың екінші (қалалық, аудандық) кезеңінің тапсырмалары
олимпиада басталғанға дейін 1 сағат бұрын жіберіледі.
3.4. Олимпиаданың екінші (қалалық, аудандық) кезеңіне Таланттарды
анықтау және қолдау орталығының өкілдері жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |