Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнің
2014 жылғы «08 » тамызындағы
№ 340 бұйрығына 2-қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1.
Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және ӛткізу қағидалары
(бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және
ӛткізу тәртібін анықтайды.
2.
Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың
Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі
– Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ӛткiзедi.
3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін
ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға
қолдау кӛрсету;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға
ықпал ету.
4. Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың
(Intel ISEF) талаптарына сәйкес – Ғылыми Рецензиялау Комитетімен
(бұдан әрі - ҒРК) ӛткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі
заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың,
сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының
бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.
Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және
бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты ӛз
жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол
берілмейді.
5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды, бағалау критерийлары
бойынша қосындылап, Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және ӛткізу
жӛніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны
рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық
кезеңге, жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша республикалық
кезеңге қатысушыларды анықтайды.
2
6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі.
7. Ғылыми конкурсқа:
1) аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және
бұрын танылмаған, ерекше жақтары кӛрсетілген;
2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, ӛндiрiстiк процесстердiң
тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге
жаңалықтар
әкелетiн
аппараттардың,
модельдердің,
құралдардың
конструкциялары ұсынылған;
3)
әлеуметтiк-экономикалық
мәселелерді
шешуге
бағытталған
экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар
ұсынылады.
8. Ғылыми конкурсқа:
1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен
жұмыстар, жануарларға қатігездік кӛрсетiлетiн эксперименттер, адам
денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін
жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар
зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін
патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк,
никотин) жарысқа қатысуға жiберiлмейдi;
2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар
Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
9. Зерттеу жұмыстарын рәсiмдеуге қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы
тиіс:
титул парағы;
мазмұны;
абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының
қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;
кiрiспе;
зерттеу бӛлiмi;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
2) титул парағында мыналар кӛрсетiледi:
жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
жұмыстың атауы;
жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
қаласы (жарыстың ӛтетiн жерi), жылы;
3) абстракт (аннотация) (250 сӛзден артық емес) қамтылған жұмыстың
қысқаша мазмұнын кӛрсетуі тиіс:
зерттеудің мақсаты;
3
гипотезасы;
кезеңдерi, зерттеудiң реті;
тәжірибенің әдiстемесi;
зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
нәтижелерді практикада қолдану салалары;
4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: таңдалған
зерттеу тақырыбының ӛзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған
мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша кӛрсетiледi;
5) жұмыстың зерттеу бӛлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан
(параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне кӛз жеткiзуге және оның
мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып
бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi тӛртбұрышты жақшада
кӛрсету керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нӛмiрлеу
реті болады;
7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi
және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн
ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жӛнiндегi ұсыныстарды
қамтиды;
8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай
тәртiпте берiледi:
автордың тегi және қысқартылған аты-жӛнi;
мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
журналдың, кiтаптың аты;
басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
басылған жылы, шығу нӛмiрi, бетi;
9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың ӛзектілігі, автордың жұмысқа
сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай
пайдалану жӛнiндегi ұсыныстары кӛрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі
керек;
10) тӛртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр кӛлемдегi
стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау
ұсынылады.
10. Стендтi рәсiмдеуге қойылатын талаптар:
стендтiң жоғарғы жағына кӛлденеңiнен абстрактын, қатысушының атын,
жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;
4
стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нӛмірленген
кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары
кӛрсетіліп, талғаммен ресiмделеді;
мазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған
нәтижелерiн кӛрсетуге аударылады.
11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекшi жұмыс нәтижелері
диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан,
ғылыми ұжымдардың есептерiнен кӛшiрiлмеген, алынған нәтижелердің
нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен ӛз
бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, ӛз қолынан келетін
жұмысты орындауы керек.
2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
12. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Дарын» республикалық
ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) Intel ISEF –
ке (Вашингтон, АҚШ қ.) тіркелінген жобаларды бекіту аффилендіру үшін
тиісті жылдағы 20 қыркүйегінен кешiкпей тiркеледі.
13. Ғылыми конкурс тӛрт кезеңде ӛткізіледі:
1) бірінші кезең - мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ӛткізіледі;
2) екінші кезең - іріктеу (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жобаны
алдын ала сараптау) облыстық білім беру ұйымдарымен ӛткізіледі;
3) үшінші кезең - облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім
беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары
(бұдан әрі - РБҰ) мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру
ұйымдары (бұдан әрі - «НЗМ» ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық
жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең екі турда ӛткізіледі; Бірінші тур -
жобаны қорғау, екінші тур - бейіндеу пәндері бойынша тестілеу;
4) тӛртінші (қорытынды) кезең - республикалық. Осы кезең екі турда
ӛткізіледі. Бірінші тур – іріктеу (жаратылыстану - математикалық бағыттағы
жобаны алдын ала сараптау), екінші тур - жобаны қорғау.
14. Ғылыми конкурстың бірінші және екінші кезеңін ӛткізу мерзімі
облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары
жетекшілерінің бұйрықтарымен анықталады. Ғылыми конкурстың үшінші,
тӛртінші кезеңдері Министрліктің бұйрығымен белгіленген мерзімде
ӛткізіледі. Ғылыми конкурс осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалпы
білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары
ӛткізілетін пәндер тізбесі бойынша ӛткізіледі.
15. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының
ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары
қатысады. Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.
5
16. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми
жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (ӛтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу
журналы) ұсынады.
17. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткер үшінші
кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым кӛп балл жинаған, Астана,
Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДББҰ (әр секция бойынша екі
жобадан кем емес) жүлдегерлері.
18
.
Үшінші кезең екі турда ӛткізіледі:
бірінші тур – алдын ала сараптамадан ӛткен жобаны қорғау;
екінші тур - осы Қағиданың қосымшасында кӛрсетілген жалпы білім
беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсы
ӛтетін пәндер тізіміне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді
тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.
Әдістемелік кеңес құрастырған тестілер орындауға 2 астрономиялық
сағат берілетін 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.
Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50%-дан тӛмен емес
ұпай жинауы тиіс. Командалық жұмыстар үшін ӛту балы жұмыстың
авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып
табылады.
Үшінші кезеңін қорытындылау кезінде осы Қағиданың 5 тармағына
сәйкес тестілеуде алған балдары мен жобаны қорғауда алған балдары
қосылады.
19. Тӛртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн ҚР білім және ғылым
вице-министрімен бекітіледі және бекiтiлгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде
облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ,
«НЗМ» ДББҰ-ның назарына жеткiзіледi.
20. Тӛртінші кезең - зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағидалардың
8-тармағының талаптарына сәйкес рәсімделген стенд материалын ұсыну.
Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін
10-15 минут беріледі.
3.
Конкурста жеңімпаздарды марапаттау
21. Ғылыми конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II және
III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
22. Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр секция және
әр жоба бойынша Ғылыми конкурстың республикалық кезеңіне
қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.
Ғылыми конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары І, II және
III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар
саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен
жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі
дипломдармен 20%-ы марапатталады.
6
23. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті
тӛмен деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, Республикалық
кезеңнің жеңімпаздарының саны қазылар алқасының шешімімен кӛбейеді.
7
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық ғылыми
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі
Секциясы
Пәні
1.Физика
Физика
2.Техника
Физика
3.Жер және ғарыш туралы ғылымдар
Физика
4.Математика
Математика
5.Қолданбалы математика
Математика
6.Информатика
Математика, Информатика
7.Экономика
Математика, География
8.Биология
Биология
9.Химия
Химия
10.Қоршаған ортаны қорғау және адам
денсаулығын сақтау
Биология
11.Тарих
Дүниежүзі
тарихы
және
Қазақстан тарихы
12.Адам және қоғам
Дүниежүзі тарихы және адам
және қоғам
13.Ӛлкетану
География
және
Қазақстан
тарихы
14.Әдебиет
Қазақ әдебиеті және орыс
әдебиеті
15.Этномәдениеттану
Дүниежүзі
тарихы
және
Қазақстан
тарихы,
Қазақ
әдебиеті және орыс әдебиеті
16.Тіл білімі
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын,
неміс және француз тілдері
Достарыңызбен бөлісу: |