Жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы ереже



Дата21.09.2022
өлшемі21,91 Kb.
#39675



Жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы ереже



  1. Жалпы ереже




  1. Жаралыстану - математика бағыты бойынша Президенттік олимпиаданының облыстық кезеңі (бұдан әрі Президенттік олимпиада) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан ­өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі ШҚ ӨҒПО «Дарын») және Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығына қарасты республикалық әдістемелік кеңестің дайындаған тапсырмалары мен Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығының белгілеген уақыты бойынша өткізіледі.

  2. Президенттік олимпиаданның негізгі мақсаты мен міндеттері:

  1. математика, физика, химия, биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, олардың зияткерлік қасиеті мен кәсіби бағыттарын дамыту;

  2. отандық және шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыру үшін дарынды оқушыларды дайындау арқылы үздіксіз білім беру идеясын жүзеге асыру;

  3. жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге оқушылардың қызығушылығын ынталандыру және теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тереңдету.



2. Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу мен ұйымдастыру тәртібі

3. Жыл сайын , Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі:


- бірінші кезең – облыстық, қарашаның 1-не дейін өткізіледі;
- екінші кезең – 15 қарашаға дейін өткізіледі, 2 айналымнан тұрады:
1) қашықтық
2) шығармашылық, эссе жазу - қашықтық айналыммен бір күнде өтеді;
- үшінші (қорытынды) кезең – республикалық, желтоқсанның бірінші онкүндігінде өткізіледі.
4. Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдердің тапсырмаларын бір уақытта 4 пәннен; математикадан, физикадан, химиядан және биологиядан орындайды.
5. Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін тапсырмалармен Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығына қарасты республикалық әдістемелік кеңес қамтамасыз етеді.
6. Олимпиада кезінде қатысушыларға Менделеевтің периодтық таблицасын, калькуляторды (математикадан басқа) пайдалануға рұқсат етіледі.
7. Тапсырмаларды орындауға 4 сағат уақыт беріледі, әрбір пәнге 60 минуттан.
8. Тапсырмалар олимпиада өткізілген орында тексеріледі, бағалау өлшемдері тапсырмаларда көрсетіледі.
9. Тапсырмалар әр пән бойынша бөлек дәптерде орындалады.
10. Жеңімпаздар барлық 4 пәннен жиналған ұпайлар бойынша анықталады.
11. Президенттік Олимпиаданың қашықтық және шығармашылық турына қатысуға облыстық кезең қорытындысы бойынша 20 оқушы анықталады (әр пән бойынша ең жоғарғы ұпай жинаған 5 қатысушы).


3. Қатысушылар

12. Президенттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық, халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, арнайы мамандандырылған білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары қатыса алады.


13. Аудандық, қалалық іріктеу кезеңінің нәтижесіне сәйкес Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне әр аудандық/қалалық білім беру бөлімі, облыстық мамандандырылған мектеп 4 адамнан тұратын команда ұсынады.
14. Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне тіркеу мен қатысуға рұқсат аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің, облыстық мамандандырылған мектептердің ұйымдастыру комитетіне жазбаша өтінімінің негізінде жүзеге асады.
15. Өтінімде оқушының аты, жөні, тегі; оқу тілі; аудан/қала; мектеп, мекен жайы; оқушының жетістігі, оқушыны дайындаған мұғалімнің АЖТ көрсетілуі керек.
4. Ұйымдастырушы комитеттің атқаратын қызметі
16 . Ұйымдастырушы комитеттің құрамын білім басқармасы бекітеді. Ұйымдастырушы комитеттің құрамына облыстық білім басқармасының және ӨҒП «Дарын» орталығының өкілдері кіреді.
17. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:

  1. Президенттік олимпиаданың дайындығы мен өткізу шараларына толығымен басшылық жасау;

  2. Президенттік олимпиаданың академиялық тобын, қазылар құрамын бекітеді;

  3. Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығына Президенттік олимпиада қорытындысы бойынша ақпарат береді.

18. Президенттік олимпиаданың қазылар құрамы төрағадан, мүшелерден және хатшыдан тұрады.
19. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы:
1) оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексереді;
2) ұйымдастыру комитетіне жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау бойынша ұсыныстар береді;
3) Президенттік олимпиаданың қатысушылары орындаған тапсырмаларға анализ жасайды.

5. Қатысушыларды марапаттау





  1. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 60% -дан төмен емес ұпай жинаған қатысушылардың арасынан анықталады. Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәреежелі дипломдармен марапатталады.

  2. Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысушыларға сертификаттар беріледі.



6. Олимпиаданы қаржыландыру



  1. Олимпиаданы қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (екі жаққа жол шығыны) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет