Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа



Pdf көрінісі
бет175/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа 
форматта бірлескен іс-шаралар ӛткізу ҧсынылады.

 
Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта 
бірлескен іс-шаралар ӛткізу ұсынылады. 
Тәрбие жұмысының түрлерін, ата-аналармен, балалардың отбасыларымен 
ӛзара қарым-қатынас формаларын сапалы түрде түрлендіру; сыныптан тыс 


309 
және тәрбиелік іс-шараларды ӛткізу тәсілдерін қайта қарау қажет. Бұл ата-
аналар жұмысбастылыққа салынған, отбасылық тәрбие мәселесі күннен-күнге 
ӛзекті болып отырған, ӛздерінің шешімін таба алмаған мәселелерімен балалар 
жиі оңаша қалатын жаңашыл ғасырмен тікелей байланысты. Бұл әлеуметтік 
мәселе білім саласына теріс ықпалын тигізеді.
Жасӛспірімдер арасында 
қатыгездік, ӛзіне-ӛзі қол жұмсау, ұсақ қылмыс пен құқық бұзушылық
бұзақылық, булинг, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып 
оқушыларынан ақша талап ету жағдайлары кӛптеп белең алды. Бұған 
педагогикалық әрекет ету қажет. Әрине, бұл құбылыстардың туындауының 
басты себебі мектеп емес, бірақ балалардың ӛмірі мен қауіпсіздігі үшін білім 
беру ұйымдарының жауапкершілігін алып тастауға болмайды.
Бұл кӛрсеткішке әсер ететін факторлар арасында – отбасындағы және 
мектептегі тәрбиенің жеткіліксіздігі, Интернет желісіндегі жағымсыз 
ақпараттар ағымы, қазіргі жаhандану мен интенсификация дәуірінің жастарға 
ұсынатын кӛптеген міндеттер мен проблемалар бар
Жағымсыз мінез-құлықтарды алдын алу жұмыстары жүйелілік пен 
бірізділікті талап етеді. Ол тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету 
жұмыстары, ата-аналар жиналысы, суреттер кӛрмесі, шығарма жазу байқауы 
сияқты формаларды қамтуы тиіс. Ұжымның бірлігіне, оның моральдық 
ахуалын жақсартуға, құрдастар арасындағы достықты нығайтуға, ӛзара кӛмекті 
және түсінушілікті дамытуға, салауатты ӛмір салтын насихаттау іс-шаралары 
дені сау тұлға қалыптастыруға бағытталған. 
Девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа 
ұшыраған балалармен жұмыс жасауға арналған («Ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік 
бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралман балалар; мигрант балалар; 
ӛмірдің қиын жағдайын кӛрген балалар) әдістемелік ұсынымдамасы Ы. 
Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған https://www.nao.kz . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет