311
мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар ӛткізу, әрбір
мектепте музейлер ашу, атақты спортшылар, ғалымдар, кӛрнекті тұлғалар,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сонымен
қатар, ӛлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп
оқушыларына ӛлкетану бойынша тақырыптық сабақтар ӛткізу арқылы жүзеге
асырылады.
Аталған бағыт шеңберінде мынадай жобаларды жүзеге асыру
ұсынылады: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасӛспірімдер туризмі
және ӛлкетануды дамыту, экспедиция, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру,
«Тарих мұрасы», «Ӛз жеріңді таны» (ӛлкетанулық білімін және мектеп
туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты арттыру, туған ӛлкенің тарихын,
мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Табиғат бесігі» (туған жерге
жауапкершілікпен және аялап қарау).
Мұғалімдер әдістемелік кӛмек ретінде Академия әзірлеген: «100 жаңа
есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның
киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы
бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың
модельдері»
әдістемелік
ұсынымдамаларды
пайдалана
алады
Достарыңызбен бөлісу: