133
пән бойынша оқу бағдарламасының кӛлемін меңгеру дәрежесін анықтау болып
табылады.
Қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды ӛткізудің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидалары, сонымен қатар Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен
ӛткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес ӛткізіледі.
2019-2020 оқу жылында Шетел тілі мұғалімдерімен әдістемелік жұмысты
жоспарлау
кезінде
педагогикалық
қызметкерлердің
мүдделері
мен
сұраныстарын, олардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын ескеру қажет.
Шетел тілі мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында тӛмендегі
сұрақтарды талқылау ұсынылады:
1. Негізгі орта мектепте жаңартылған білім мазмұны аясында шетел тілін
оқытудың ерекшеліктері.
2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілі пәнінен әдістемелік
бірлестіктердің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.
3. 2019-2020 оқу жылында шетел тілін оқытуда мұғалімдердің тәжірибе
алмасуы мен семинарларын жоспарлау.
Жаңа оқу жылында шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік
отырыстарында тӛмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:
- шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи
тәсілдерді іске асыру;
- қалыптастырушы бағалауды ӛткізу;
- шетел тілін оқытуда шығармашылық бастамаларды енгізу және сабақтан
тыс қызметті ұйымдастыру;
- шетел тілі пәні бойынша бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға
дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: