129
арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас ережелеріне баса назар аудара
отырып, тілдің барлық мүмкіндіктері мен бояуларын ашады. Лексикалық және
грамматикалық материалды оқу білім алушының қандай да бір жағдайға ӛз
кӛзқарасын зерттеу контексінде жатыр.
Әдістер мен тәсілдер арқылы ойлау
процестерін белсендіруді кӛздейтін белсенді оқыту тиімді және мақсатқа сай
қолданылады. Бағдарламалардың әдебиеттер тізімімен шектелмейтінін, білім
алушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес әртүрлі
ресурстарды пайдалануға ұсынатынын атап ӛткен жӛн.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын
тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының
тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық
мазмұнына сәйкес келеді сонымен қатар, келесі тақырыптар оқытылады:
5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;
7-сынып – Communication and Technology,
Space and Earth, Natural
disasters;
8-сынып – Entertainment and Media;
9-сынып – Charities and Conflict, Science and Technology.
Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.
5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға кӛңіл бӛлу
ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы
мен грамматикасының білім алушыларға таныстығын алдын ала тексеру
ұсынылады, сонымен қатар оқыту процесінде қосымша ресурстар мен
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
6-сыныпта ӛтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім
алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған
коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде
қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
қолдануға болады.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша 7-сыныпта грамматикалық
тақырыптарды: шақ формаларын және сын есімдердің салыстырмалы шырайын
қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім
мазмұнының бағдарламасы
бойынша жоғарыда аталған тақырыптар ӛтілген болып саналады (2013 жылғы
оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды,
ағылшын тілінің Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low
деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде
мәтіндер мен сӛйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру
ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім
алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға кӛңіл бӛлген дұрыс.
Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.
8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау
ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс.
Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым
130
дағдыларын қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.
9-сыныпта коммуникативтік-мәдениетаралық құзыреттердің барлық
компоненттерін одан әрі дамыту жалғасады: грамматикалық және лексикалық
минимумдарды кеңейту, тілдік және сӛйлеу дағдыларын нығайту, дискурстық
және әлеуметтік-мәдени білікті дамыту. Білім
алушылардың жоғары ойлау
дағдыларын талап ететін оқыту мақсаттарын таңдау ұсынылады.
Шетел тілі сабақтарында білім алушылардың тұлғалық қасиетін
қалыптастырудың маңызды аспектісі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске
асыру болып табылады:
- білім алушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам ӛмірінде және кӛп
мәдениетті әлемдегі рӛлі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру,
Шетел тілін мәдениаралық қарым-қатынас құралы ретінде, басқа халықтар
мәдениеті мен дүниені тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;
- тілдерді және мәдениеттерді, жалпы қабылданған адамзаттық және
негізгі ұлттық құндылықтарды меңгеру арқылы азаматтық бірегейлікті, ӛз
халқы, туған ӛлкесі, ӛз елі үшін патриоттық
және мақтаныш сезімін, ӛз
этникалық және ұлтқа қатыстылығын түсіну;
- коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни
ӛзінің сӛйлесу мүмкіндігі мен қажеттілік деңгейінде ауызша (айтылым және
тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді
тасымалдаушымен қарым-қатынасқа дайын болуы және коммуникативтік
міндеттер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес қарым-қатынастың тілдік және
сӛйлесуден басқа құралдарды барынша кең кӛлемде пайдалану;
- басқа елдердің мәдениетімен танысу арқылы ӛзге (бӛгде) мәдениетке
құрметпен қарауды қалыптастыру;
-
ауызша және жазбаша қарым-қатынаста шетел тілінде ӛзінің тӛл
мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.
Ауызша және жазбаша сӛйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында
шетел тілі пәні мұғалімдеріне:
-
аутентті оқыту материалдарын пайдалану (аудио, бейнежазбалар,
фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);
- шетел тілінде сипаттама беру, мінездеме беру,
салыстыру, талдау,
диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және
қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен
жұмыс жасау;
- білім алушылардың сӛздік қорын байыту мақсатында ӛз бетінше
анықтамалармен
және
энциклопедиялық
әдебиеттермен,
электронды
ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушылардың қауіпсіз мәдениетті тәртібін қалыптастыру үшін
қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы
мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады.
Қосымша материалдар мен Интернет-ресурстарды қолдану кезінде
мәтіналды, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтаған дұрыс.
Шетел
тілінің
оқу
процесін
ұйымдастыру
коммуникативтік
технологияларды (жобалар, сұхбат, рӛлдік ойындар, пікірталас, дебат,
131
конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.)
жан-жақты қолдануды
талап етеді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
және сабақтан тыс іс-әрекеттердің кең мүмкіншіліктерін белсенді қолдану
шетел тілін оқуға ынтасын арттыруға, білім алушылардың танымдық
әрекеттерін белсендендіруге, олардың ӛзара тілдік қарым-қатынастарының
белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға
ықпал етеді.
Сабақ уақытын ауызша сӛйлетудің дағдылары
мен біліктерін дамыту
және жетілдіру үшін қолданған дұрыс. Коммуникативтік жағдаяттарда жаңа
лексикалық және грамматикалық материалды енгізу және бекіту, сабақта
жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір білім алушының сӛйлеу
белсенділігін арттыру; мәтіндермен жұмыс жасау кезеңдерін міндетті түрде
сақтай отырып оқылым мен тыңдалымға үйрету ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: