Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


игеруге және бӛлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары



Pdf көрінісі
бет121/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

игеруге және бӛлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары 
кӛрсетілмеген. Бӛлімшелердің арасында сағат санын бӛлу құқығы практик-
мұғалімге берілген, бірақ материал кӛрсетілген тоқсанда толық оқытылуы 
тиіс. 
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің 
базалық мазмұнында аздаған ӛзгерістер бар. 
1. 10-сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», жаратылыстану-
математикалық бағыт. 
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бӛлінген. Оқыту бағытына сәйкес пәннің 
базалық мазмұны кеңейтілген.
Бірінші. Дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан бӛлімдер тақырыптармен 
толықтырылған. Атап айтқан:
- «Функция, оның қасиеттері және графигі» бӛліміне «Бӛлшек-сызықты 
функция»; 
- «Кері 
тригонометриялық 
функциялар» 
бӛліміне 
«Кері 
тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»; 
- «Туынды» 
бӛліміне «Кері тригонометриялық функциялардың 
туындылары»;
- «Туындының қолданылуы» бӛліміне «Функция графигінің иілу 
нүктелері, функция графигінің дӛңестігі» 
- «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бӛліміне 
«Үлкен сандар заңы». 
- «Ықтималдық» бӛліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы 
(натурал кӛрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес 
формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты 
құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері». 
Екінші. «Кӛпмүшелер» жаңа бӛлімі қосылған. Бірнеше айнымалысы бар 
кӛпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы 


212 
кӛпмүшелер. Бір айнымалысы бар кӛпмүшенің жалпы түрі. Кӛбейткіштерге 
жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар кӛпмүше түбірлерін табу. Кӛпмүшені 
кӛпмүшеге «бұрыштап» бӛлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған 
коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті кӛпмүшенің рационал түбірлері 
туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі 
теңдеулер. Үшінші дәрежелі кӛпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы. 
2. 10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары», қоғамдық-
гуманитарлық бағыт. 
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бӛлінген. Қолданыстағы оқу 
бағдарламасымен салыстырғанда шамалы ӛзгерістер енгізілген. Ол ӛзгерістер 
комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы материалдарымен байланысты.
Қолданыстағы бағдарламада 11-сыныпта оқытылатын «Кездейсоқ 
шамалар және олардың сандық сипаттамалары» тарауы 10-сыныпқа кӛшірілген.
11-сыныпта «Ықтималдық» бӛлімі «Ықтималдықтарды қосу және 
кӛбейту ережелері» тақырыбымен толықтырылған. Бұл тақырып қолданыстағы 
бағдарлама бойынша жаратылыстану-математика бағытында ғана оқытылатын.
3. 10-сынып «Геометрия» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық 
бағыт. 
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу 
бағдарламасымен салыстырғанда ӛзгерістер жоқ. 
Оқытудың бұл бағытында «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық 
бағыттылығы күшейтіледі. 
4. 10-сынып,«Геометрия» оқу пәні, қоғамдық-гуманитарлық бағыт. 
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу 
бағдарламасымен салыстырғанда ӛзгерістер жоқ. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сынып «Информатика» пәнінің 
негізгі мазмұны келесі бӛлімдерден тұрады:
1) «Компьютерлік жүйелер». 
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялылық» және 
деректердің «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - резервтік кӛшіру және 
деректерді шифрлау; жеке сәйкестендіру әдістері; 
2) «Ақпараттық объектілерді ӛңдеу және қайта құру»
Дизайн 
теориясы: 
«дизайн», 
«қолданылуы», 
визуалды 
дизайн 
классификациясы; ақпарат қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары 
(ыңғайлылығы, қарапайымдылығы); графикалық файл пішімдері; графикалық 
файлдарды түрлендіру; веб-сайт дизайнының орналасуын дамыту; 
Бейнежазба жасау: видео түсірілімнің және бейнежазбаның негізгі қағидалары; 
бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейнероликтерді монтаждау; 
Веб-дизайн: сайтты құрастырушы; веб-беттегі мультимедиа; веб-сайтты дамыту 
әдістері; сайтты жариялау; 
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер» 
Ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері: машина жасау 
принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; 
Blockchain(блокчеин) технологиясының мақсаты мен қағидаты.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптағы «Информатика» 


213 
пәнін оқып-үйрену мақсаты аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету, 
деректерді таныстыру, ақпараттық процестер мен жүйелер, ақпараттық 
объектілерді құру, компьютерлік желілерді құру және трансформациялау және 
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша терең білім мен дағдыларды 
қамтамасыз ету болып табылады.
10-сыныпқа арналған «Информатика» пәнінің (ЖМБ) негізгі мазмұны 
келесі бӛлімдерден тұрады: 
1) аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: басқару блогының 
функциялары, арифметикалық логикалық блок және жады регистрлері 
процессордың бӛлек бӛліктері ретінде;
2) деректерді ұсыну: сандар жүйесі: ондық, екілік, сегіз, он алтылық. 
Компьютердің логикалық негізі: логикалық операциялар (ажыратылу, біріктіру, 
инверсия); логикалық ӛрнектер; шындық кестесі; компьютерлік логика 
элементтері (конъюнктор, дисюнктор, инвертор); логикалық схемалар. 
Ақпараттық кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)й) таңба кодтау 
кестелері; 
3) ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциялық деректер базасы: ӛріс, 
жазба, индекс, бастапқы кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер 
базасын құру structured query language («құрылымдық сұрау тілі») (бұдан әрі - 
SQL-код): деректер типтері, бір кестелік және кӛп кестелі дерекқорлар; 
нысандар; есептер; сұраулар. 
4) ақпараттық объектілерді құру және трансформациялау: веб-дизайн: 
HTML (Hyper Text Markup Language - «гипермәтінді белгілеу тілі»), CSS 
(Cascading Style Sheets ) - каскадты стиль кестелері); сценарийлерді пайдалану; 
мультимедияны веб-параққа енгізу; 
5) қосымшаларды жасау: алгоритмдер мен бағдарламалар: анықталған 
функциялар мен процедуралар; жолдармен жұмыс істеу; файлдармен жұмыс 
істеу; сұрыптау әдістері; графтарда іздеу алгоритмдері; 
6) компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік 
желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (түйіндер, маршрутизаторлар, 
ажыратқыштар); IP адресі; DNS - домендік атаулар жүйесі; жеке виртуалды 
желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялылық, тұтастық 
және қолжетімділік; деректерді шифрлау; Пайдаланушы деректерін қорғау 
шаралары - құпия сӛздер, тіркелгілер, аутентификация, биометриялық 
аутентификация. 
Ұзақ мерзімді жоспар жаңартылған мазмұнның барлық оқу 
бағдарламаларының құрамдас бӛлігі болып табылады, оқу материалы 
тоқсандарға бӛлінеді. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және 
бӛлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары кӛрсетілмеген. Бӛлімшелердің 
арасында сағат санын бӛлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал 
кӛрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс. 
10-сыныпта «Информатика» пәні бойынша оқыту нәтижесі: 
- оқушыда келесі ұғымдарды қалыптастыру: қоғамдағы ақпараттық 
процестердің рӛлін түсіну, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық 
технологияларды 
пайдаланудың 
техникалық 
мүмкіндіктері 
мен 


214 
перспективалары; күнделікті ӛмірде, зерттеулерде және одан әрі жұмыс істеуде 
ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары; ақпараттық 
мәдениет - жалпыға бірдей қабылданған ережелерді ұстануға және жеке және 
бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделеріне сай әрекет етуге; компьютерлердің 
негізгі қағидаттарын түсіну, жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу
бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, оларды жетілдіру және жетілдіру, 
сондай-ақ олардың ӛнімдерін бағалау; 
- талдау, абстракция, модельдеу және бағдарламалау арқылы әртүрлі 
мәселелерді шешудің тиімді және ұтымды жолдарын табу мүмкіндігі; 
- логикалық, алгоритмдік және есептік ойлау қабілеті; 
- пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту, информатиканың 
терминдерін түсіну. 
Сыныпты екі топқа бӛлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда 
сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім 
алушылар саны 20 және одан артық болғанда жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет