290
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393
бұйрығымен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру
деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінің оқу
бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің
қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-
11- сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393
бұйрығымен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру
деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің оқу
бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша
оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
Жалпы орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту келесі біліктерді
қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
әртүрлі деректердің ақпараттарымен (соның ішінде интернетте
ұсынылған) жұмыс істей білу;
анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен кӛзқарастарды айыра білу;
ӛзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра
білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;
тарихи оқиғалар мен қатысушыларға ӛз қарым-қатынасын түсіндіре
білу;
қазіргі әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын
болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесін, әрекетін және меңгерген
білімдерін қолдана білу;
қауіпсіз мәдениет қалыптастыру арқылы түрлі жағдайларда қауіп-
қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.
Жалпы білім беру деңгейінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту білім
алушыларды адам ӛмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктерін
анықтауға, қазіргі ӛркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі
жағдайларда қауіп-қатерді азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен
құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: