Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет161/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

 
 
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
Жалпы орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім 
саласы бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», 
«Информатика» пәндері екі бағыт бойынша (жаратылыстану-математикалық 
бағыт және қоғамдық-гуманитарлық бағыт) оқытылады.
11- сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Алгебра 
және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндерінің білім мазмұны білім 
алушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің 
қалыптасуына, білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға 
ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты 
математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда 
және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық 
бағытта шынайы процестер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді 
зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады.
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндерін оқытуда 
қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты 
жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рӛл атқарады. 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда математика пәнін 
оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін 
мамандық бойынша оқу орнында білім алушының оқуын жалғастыру 
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын 
оқытудың ерекшелігіадамды жалпы мәдени дамуға бағыттау, математика 
заңдарымен таныстыру және қазіргі заманауи ӛмірде еркін бағдар алуына 
қажетті адамның іс-әрекеттеріне байланысты математикалық білім мен 
біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл курс үшін кӛптеген 
дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде 
дәлелдеулері ӛте аз мӛлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері 
ретінде беріледі, түсіндірулер кӛрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың 
күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі 
бӛлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) 
оқытылады. 
2019-2020 оқу жылында 11-сыныптарда информатиканы оқыту 2013 
жылғы жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы және қоғамдық-гуманитарлық 
бағытындағы оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. 


275 
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 11-сыныптары үшін «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты қазіргі 
кездегі 
визуалды 
программалау 
технологиялары 
мен 
ақпараттық 
технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін 
меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру 
болып табылады. Мұнда есептерді шығару базасында оқыту жүйелік және 
алгоритмдік ойлауды дамытуға бағытталған, бұл іс-әрекеттің үздіксіз жалғасы 
практикумдық жұмыс жасау болып саналады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
11-сыныптары үшін «Информатика» пәнінен оқыту мақсаты қазіргі кездегі 
ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім 
жүйесін меңгеру, білім алушыларды ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу 
дағдысын 
қалыптастыру, 
білім 
алушыларды 
жаңа 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, 
танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады. Мұнда 
информатиканы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдетіп 
оқытуға бағытталған.
«Математика және информатика» білім саласының пәндері бойынша 
білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану 
ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған 
оқыту, жүйелі оқыту. 
Білім алушылардың «Математика және информатика» білім саласының 
пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық әдістерге 
баса назар аудару ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті 
оқытуға жеке сағаттар бӛлінген. Жобалау технологияларын қолдану 
информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын кӛтеріп қоймайды, пәнаралық 
байланыс жасайды. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім ӛз қалауы 
бойынша ӛткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында 
білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, 
қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперименттер 
жүргізу, жасаған жұмыстарын талдау және бағалау, сондай-ақ, ӛз жобаларын 
қорғай алу біліктерін дамытады. 
Сыныпты екі топқа бӛлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда 
сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім 
алушылар саны 20 және одан артық болғанда, шағынжинақты мектептерде 10 
оқушыдан кем болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
2019-2020 
оқу жылындағы 11-сыныптарда «Математика және 
информатика» білім саласының пәндерінен ӛткізілетін бақылау жұмыстарының 
нормасы келесі 102-кестеде берілген.
Сынып 
Пән 
Аптадағы 
сағат саны 
Оқу 
жылындағы 
сағат саны 
Бақылау 
жұмыстарының 
нормасы 
11 ЖМБ 
Алгебра 
және 
анализ 3 
102 
6-7 


276 
бастамалары 
Геометрия 

68 
4-5 
Информатика 

68 
4-5 
11 ҚГБ 
Алгебра 
және 
анализ 
бастамалары 

102 
5-6 
Геометрия 

34 
3-4 
Информатика 

34 
2-3 
Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық 
бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді. 
Сыныпты екі топқа бӛлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда 
білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 
20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған 
жағдайдажүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет