301
тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау
– әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта) ӛткізіледі.
Практикалық сабақтарды ӛткізу кезінде оқушыларды үйрету әдістемесіне
(оқытушының саптық тәсілді тұтас және бӛлшектеп кӛрсетуі мен оқушылардың
жаттығуы) баса назар аударылады.
Оқушылардың бойында саптық дайындық элементтерін орындау
дағдыларын шыңдау басқа пәндерді оқу кезінде, сондай-ақ алғашқы әскери
дайындық бойынша сыныптан тыс іс-шаралар кезінде де жалғасады.
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-11-
сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық
жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-
ұйымдастырушысы жүзеге асырады. 11-сыныпта оқушылар азаматтық
қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және
соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі кӛлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі
заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының
халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен
қатар тӛтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану
ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған
адамдарға алғашқы дәрігерлік кӛмек кӛрсету ережелерімен танысады.
Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып
табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды тексеру
сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып
саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери
істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды жетілдіреді.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: