Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың бірінші деңгейі



Pdf көрінісі
бет213/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың бірінші деңгейі. 
Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүзеге асырады. Мұғалім бірінші 
болып формативті бағалау барысында оқытудың қиындықтарын анықтайды. 
Оның міндеті – қиындықтар сипатын, олардың пайда болу себептерін ӛзіндік 
анықтау, оқушының қалыптасатын білімдеріндегі олқылықтарды анықтау.
Алынған ақпарат негізінде мұғалім сыныпта оқушыны сабақта қолдауды 
ұйымдастыруы керек (жеке тәсілдеме). 
Мұғалім тарапынан оқушыны қолдау тәсілі келесі іс-шаралар болуы 
мүмкін: 
1) оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану: «кішкентай қадамдар» 
әдісі, пәндік іс-әрекетке және кӛрнекілік құралдарына сүйену, «сӛйлеу 
дағдыларын дамыту» («оречевление») пәндік және ақыл-ой әрекеттерін, «алға 
жүгіру», үздіксіз қайталауды үйрену, оқылатын ұғымдарды салыстыру және 
қарсы қою тәсілдерін қолдану және т.б.; 
2) сабақта жеке оқу материалдарын қолдану: кӛрнекілік құралдарды, 
жаднамаларды, алгоритмдік нұсқамаларды, жеңілдетілген оқу тапсырмаларды, 
оқу және жазу үшін мәтінді қысқарту, тапсырмаларды орындау үшін қысқа 
және кезең-кезеңмен нұсқаулықтар беру, жатқа білу қажет ақпарат санын 
азайту және т.б.; 
3) оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерінің (процедураларының) ӛзгеруі: 
қысқа, баяу, қайталау, мұғалімнің ауызша нұсқауы (жазбаша нұсқаудың 
орнына); жұмысты орындау үшін қосымша уақыт беру; тапсырмаларды тек 
ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру; планшетті, ноутбукты пайдалана 
отырып, жазбаша бақылау тапсырмасын орындау мүмкіндігі; 
4) бақылау материалдарын ӛзгерту: нұсқаулық тұжырымдарын бейімдеу – 
тапсырманы орындау кезеңдеріне сәйкес оны бірнеше бӛліктерге бӛлу; бақылау 
тапсырмаларының 
санын 
азайту; 
барлық 
сынып 
үшін 
бақылау 
тапсырмаларынан ерекшеленетін жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу 
мақсаттарына сәйкес); бақылау тапсырмасын орындауды жеңілдететін 
иллюстрациялық және басқа да тірек материалдарын (кестелерді, сызбаларды, 
үлгілерді, анықтамалық материалдарды) пайдалану және т.б.; 
5) сыныптағы оқу орнын анықтау және бейімдеу (бірінші партада, беделді 
оқушының жанында, соңғы партада, біреуі партада, оқу тапсырмаларының бір 
бӛлігін конторкада тұрып орындау мүмкіндігі бар және т. б.); 


375 
Егер баланың барлық күш-жігеріне және мұғалімнің жеке кӛмегіне 
қарамастан, бір және одан да кӛп негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламасын 
меңгеруде қиындықтар бір тоқсан ішінде сақталса, онда мұғалім мектептің 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі (психолог, логопед, 
мұғалім-дефектолог) кӛмегіне сұратым жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет