370
Қайта
тексеру
ПМПК-ның
жалпы
қорытындысын
нақтылау
немесе
ӛзгерту
мақсатында
жүргiзiледi,
ең
алдымен
диагностикалық топтарда, диагностикалық оқу-
түзеу сабақтарынан, мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту
ұйымдарындағы,
орта
бiлiм
беру
ұйымдарындағы
сынама
оқытудан
кейiн
зияткерлік немесе
тілдік даму кемiстiгiнің
деңгейiн нақтылау қажеттiгi болған жағдайда
жүргізіледі.
Тексерулер нәтижелері негізінде ПМПК-
ның жалпы қорытындысы қабылданады, баланың
жеке психофизикалық ерекшеліктеріне қарай
түзете-дамыта оқыту
барысындағы білім беру
бағдарламасының түрі туралы алқалық шешім
қабылданады.
Қажет болған жағдайда медициналық, білім
беру және әлеуметтік қызмет кӛрсету бойынша
ұсынымдарды қарастыратын жеке түзете-дамыту
бағдарламасы жасалады, ата-аналарға (заңды
ӛкілдеріне)
консультация
беру
жүзеге
асырылады.
«Дәрігерлік-консультациялық
комиссияның
қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №
321 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып
тіркелген) сәйкес үйде оқитын мерзімі кӛрсетіле
отырып,
дәрігерлік-консультациялық
комиссияның бала денсаулығының жағдайы
туралы қорытындысы үйде жеке тегін оқуға негіз
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: