389
Сабақта оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім
алушылар үшін білімдегі кемшіліктерді толықтыру бойынша жеке және топтық
түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе кіші топтарда (2-4
оқушы) жүргізіледі. Бастауыш сынып білім алушылармен жеке-топтық түзету
сабақтарын негізгі сынып мұғалімі жүргізеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.
Түзету сыныптық-пәндік түрлерін, сабақтардың мазмұнын қайталамауы тиіс.
Олар пәндік-практикалық және ойын іс-әрекетін қоса алғанда білім
алушылардың түрлі іс-әрекет түрлері мен формаларын пайдалана отырып
ӛткізіледі.
6-10 сыныптарда білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеке-
топтық сабақтарға бӛлінген сағаттар пән мұғалімдері арасында бӛлінеді. Білім
алушының белгілі бір топта болу ұзақтығы ерекше қиындықтарды жеңу
дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындауға дайындығымен
анықталады. Топтардың құрамы қозғалмалы болуы тиіс: бір балаларды
сыныппен жұмыс істеу үшін шығару керек, ал басқаларын қарқынды жеке кӛмек
кӛрсету топтарының құрамына қосу керек. Бір оқушы бір жыл ішінде әр түрлі
топтардың құрамына кіре алады.
Сӛйлеу қабілеті бұзылған білім алушылармен логопедпен жеке-топтық
сабақтар жүргізіледі.
Факультативтер
мен
элективті
курстар
сағаттарын
балалардың
әлеуметтенуіне ықпал ететін (Сӛйлеу және қарым-қатынас мәдениеті. Ӛмір
тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Экономикаға кіріспе) немесе даму
кемшіліктерін жеңуге бағытталған (бейнелеу қызметі. Қолданбалы ӛнер. (Жүзу,
ЕДШ) немесе еңбек дайындығы бойынша қосымша сабақтарға жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: