172
негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік
дүниетанымын қалыптастыру.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын
оқытудың міндеттері:
1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы
рөлі жөнінде жүйелі білім беру;
2) зайырлылықты мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта
отырып, осы бағытта білім беру;
3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни
тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;
4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттану және адамгершілік мәнін
түсіндіру;
5) білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге,
толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық
принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру;
6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық
нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез
бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз
құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық
принципіне, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып,
зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу;
8) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, осы
тұрғыдағы білімін арттыру.
Бағдарламада берілген оқу материалын меңгеру аясында «Қазақстан
тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті»
пәндерімен және «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен
сабақтастық принципін орнату қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: