Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет146/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   244
Назар аударыңыз! 
«
Графика және жобалау» пәнін «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы 
бойынша дипломы бар мұғалімдер жүргізе алады. Мамандық алғандағы оқыған 
пәндер тізімі «Графика және жобалау» оқу пәнін оқыту үшін арнайы диплом 
талап етілмейтіндігін куәландырады. 
Осы оқу пәнін оқыту үшін тиісті сертификатты ала отырып, 
біліктілікті арттыру курстарынан өту ұсынылады 
 
5.2
2012 ЖЫЛҒЫ МЖМБС ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОҚУ 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН 11-СЫНЫПТАРДА 
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ 

«Тіл және әдебиет» білім саласында келесі пәндер оқытылады: «Қазақ 


тілі», «Орыс тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», 
«
Ұйғыр/өзбек/тәжік әдебиеті», «Шетел тілі». 
 
«
Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл 
мәртебесіндегі өзара қарым-қатынас құралы.
Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын 
әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін 
функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан 
оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін саналы түрде түсінуге, 
тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғыдан түсініп меңгеруге, тілдік 
бірліктердің функционалдық қасиеттерін саналы түрде қолдануға 
дағдыландырады. 
11-
сыныпта оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен 
өзгерістермен толықтырулар енгізілген): 

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 
10-11-
сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы; 


243 

жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасы қолданылады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған 
(https://www.nao.kz/
Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу 
бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу 
бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).
Пән бойынша оқу жүктемесі: 

қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 
11-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат. 

жаратылыстану-математикалық бағыт: 
11-
сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат. 
Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (диктант) саны сол 
сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек. 
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты 
жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және 
стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім 
білім алушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық 
ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем 
әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім 
жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол 
білім алушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, 
білгенін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады. 
Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш өзгеріссіз 
қалдырылды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік 
нұсқау хаттан қарауға болады.
Төмендегі 86-кестеде 11- сыныпта ұсынылатын жазба жұмысының 
(диктант) саны келтірілген. 
86-
кесте. 11- сыныпта ұсынылатын жазба жұмысының (диктант) саны
Сынып 
Жазба 
жұмыстарының түрі 
Оқу тоқсандары 
Барлығы 
І 
ІІ 
ІІІ 
ІҮ 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты 
11 
диктант 





Жаратылыстану-математикалық бағыты 
11 
диктант 





Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді: 

«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) 
немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1); 

«4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе 
емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) 
бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0); 


244 

«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе 
емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс 
белгісінен 8 қатесі (3/8); 

«2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе 
емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9). 
«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары 
мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына 
арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет