295
сыныптарына арналған оқу бағдарламаларындағы 11-сынып бағдарламасында
белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар»
негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың
өмірде жалпыадамзаттық
құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын
жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне)
қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру
ерекшеліктеріне сай сандық
емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан
әр жартыжылдық қорытындыда
«сынақ» деген баға қойылады.
Оқушы 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне
сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: