Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет226/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   244
5. Сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушылар арнайы мектепте (сыныпта) 
оқу ерекшеліктері. 
Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді: 
– 
бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар; 
– 
негізгі орта білім – 5-10 сыныптар. 
Алдын ала арнайы мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар 
дайындық (0) сыныбына түседі. 
Мектепте оқушыларға арналған бөлімшелер құрылуы мүмкін: 

сөйлеу тілінің ауыр дәрежедегі жалпы дамымауы (алалия, дизартрия, 
ринолалия, афазия), сондай-ақ сөйлеудің жалпы дамымауы бар, кекештенумен 
қатар жүретін балалар; 

сөйлеу тілінің қалыпты дамуында қиын түрі бар. 
Кохлеарлы имплантацияға дейін кемінде 6 ай есту аппараттарын үнемі 
киюмен 1 жастан 4 жасқа дейін белгіленген кохлеарлы импланты бар балалар 
қабылданады. Негізгі орта мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға, 
әсіресе сөйлеу дамуының күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін сағаттарды 
бөлуде вариативтілікке жол беріледі. 
Логопедиялық және арнайы педагогикалық қолдау барлық сабақтарда және 
сабақтан тыс уақытта сөйлеу режимін сақтай отырып көрсетіледі. Түзету 


388 
сабақтары сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар білім алушылардың 
моторлы және сөйлеу моторлы, сөйлеу қызметінің дамуында ауытқуларды 
жеңуге бағытталған. 
Логопедиялық сабақтар сыныптағы жұмыстың мазмұны мен түрлерін 
қайталамауы тиіс; олар күннің екінші жартысында өткізіледі. Білім алушылар 
жеке, кіші және фронтальды сабақтарда логопедтік көмек алады. 
Жеке сабақтар сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы және артикуляциялық 
аппараттың (ринолалия, дизартрия) құрылысы мен қозғалысы бұзылған 
оқушылармен жүргізіледі. Жеке сабақтар аптасына 2 реттен кем емес өткізіледі. 
Ұзақтығы 20-25 минутты құрайды. Кіші топтарға сөйлеу бұзылуының біртекті 
құрылымы бар балалар біріктіріледі. 5-10 сынып білім алушыларымен 
логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың кіші тобы жетекші болады. 
Сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды. 
Алдыңғы сабақтың ұзақтығы (0, 1-4 сынып) дайындық сыныбында және 
бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында 35 минутты, келесі сыныптарда 
40 минутты құрайды. Негізгі мектеп оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін 
қосымша оқыту үшін факультативтер мен элективті курстар ұйымдастыруға 
рұқсат етіледі. 
6. Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) білім алушыларға арналған арнайы 
мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері. 
Білім беру процесі білім беру деңгейіне сәйкес қамтамасыз етіледі: 
– 
бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар, 
– 
негізгі орта білім – 5-10 сыныптар. 
Арнайы мектептерге (сыныптарға) көбінесе церебральды-органикалық 
шығу тегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Дамуында айқын 
ауытқулары бар (ақыл-ой кемістігі, сөйлеу, көру, есту қабілетінің өрескел 
бұзылуы) балалар арнайы сыныптарға қабылдауға жатпайды. 
Жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарды жинақтап оқытудың 
бастапқы сатысында – 0, 1-сыныптар және 2-сынып ерекшелік ретінде жүзеге 
асырылады. Оқытудың кез келген кезеңінде жалпы білім беретін мектептің 
қарапайым сыныптарына оқушыларды біріктіру, сондай-ақ психикалық дамудың 
айқын түрде кідіруі кезінде екінші сатыда арнайы сынып жағдайында білім 
беруді жалғастыру мүмкіндігі көзделеді. 
Оқу күнінің тәртібі білім алушылардың шаршағандығын ескере отырып 
белгіленеді: ұзартылған күн тәртібінде бірінші ауысымда оқыту. 
Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерді оқыту білім 
алушылардың тілдік даму деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады, оқыту 
әдістерін бейімдеу көзделеді. 
Арнайы оқу бағдарламалары мен арнайы әдістемелік және дидактикалық 
материалдарды пайдалану көзделеді. Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық 
бағыты жалпы білім беру циклы пәндері, түзету пәндері, сондай-ақ, қосымша 
білім беру жүйесінде іске асырылады. 
Түзету сабақтарындағы жұмыс мазмұны білім алушылардың қоршаған 
болмысы туралы білімі мен түсініктерін байытуды, жалпы моториканың 
дамуындағы ауытқуларды жеңуді және қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз 


389 
етуге бағытталған. 
Сабақта оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім 
алушылар үшін білімдегі кемшіліктерді толықтыру бойынша жеке және топтық 
түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе кіші топтарда (2-4 
оқушы) жүргізіледі. Бастауыш сынып білім алушылармен жеке-топтық түзету 
сабақтарын негізгі сынып мұғалімі жүргізеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут. 
Түзету сыныптық-пәндік түрлерін, сабақтардың мазмұнын қайталамауы тиіс. 
Олар пәндік-практикалық және ойын іс-әрекетін қоса алғанда білім 
алушылардың түрлі іс-әрекет түрлері мен формаларын пайдалана отырып 
өткізіледі. 
6-
10 сыныптарда білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеке-
топтық сабақтарға бөлінген сағаттар пән мұғалімдері арасында бөлінеді. Білім 
алушының белгілі бір топта болу ұзақтығы ерекше қиындықтарды жеңу 
дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындауға дайындығымен 
анықталады. Топтардың құрамы қозғалмалы болуы тиіс: бір балаларды 
сыныппен жұмыс істеу үшін шығару керек, ал басқаларын қарқынды жеке көмек 
көрсету топтарының құрамына қосу керек. Бір оқушы бір жыл ішінде әр түрлі 
топтардың құрамына кіре алады. 
Сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушылармен логопедпен жеке-топтық 
сабақтар жүргізіледі. 
Факультативтер мен элективті курстар сағаттарын балалардың 
әлеуметтенуіне ықпал ететін (Сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті. Өмір 
тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Экономикаға кіріспе) немесе даму 
кемшіліктерін жеңуге бағытталған (бейнелеу қызметі. Қолданбалы өнер. (Жүзу, 
ЕДШ) немесе еңбек дайындығы бойынша қосымша сабақтарға жіберу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет