Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет232/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   244
4) 
«
Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар 
шығармашылығы көрме-байқауы мына номинациялар бойынша өткізіледі:
- 
тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ 
пластика; 

ағашты, сүйекті, былғарыны көркем өңдеу: көлемді және тегіс ою, 
ағашқа сурет салу, қабықтан жасалған бұйымдар; инкрустация (сүйек, 
металл,ағаш); 

шыныны көркем өңдеу: витраж; 

металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формадағы мүсін, 
нақыштау, соғу; 

ағаштан, тастан, саздан (қыш саздан), сабаннан, ағаштан, тоқымадан 
шағын формадағы мүсіндер жасау; 

ұлттық ою-өрнек элементтерімен халықтық киім үлгісін жасау; 

қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше; 
5) «
Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар 
байқауы мына номинациялар бойынша өткізіледі:

автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы 
техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, 
тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);

өндіріс саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, 
техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар 
моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және 
т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);


407 

ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық 
құрастыру (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк 
іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік 
модельдер және т.б.); 

әскери техника саласындағы техникалық құрастыру (танк модельдері, 
зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік 
модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);

су көлік саласындағы техникалық құрастыру (ауа жастықшалы кеме 
моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.); 

құрылыс облысындағы жобалар (тұрғын үй макеттері, әкімшілік 
ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, 
аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);

жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика 
саласындағы жобалар (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті 
және көміртекті емес энергетика;

энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; 
радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.); 

авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу 
саласындағы жобалар және модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын 
аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);

космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос 
техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (зымыранды 
жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран 
құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника); 
6) «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауы мына номинациялар 
бойынша өткізіледі: халық биі және халықтық-стильденген би (әлем 
халықтарының биі; қазақ биі); заманауи би (эстрадалық би, аралас-би); 
7) 
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы байқауының 
номинациялары: деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, 
адамдар, жағдайлар туралы шығарма; ойынды кино – операторлық және 
режиссерлік, актерлер өнер көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан
шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма; STOP-MOTION - 
STOP-
MOTION технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап 
алынған видеодан немесе фотокамерамен түсірілген кадрларды тізбектей 
монтаждалатын ролик.
Кадрда аз қадам жасай жылжи отырып, үздіксіз қозғалыстағы 
адамдар мен заттардың қозғалыс иллюзиясын жасайды; әлеуметтік 
жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын 
аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама; анимация – компьютерлік 
немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-
келген мультипликациялық шығарма; видео-арт – компьютерлік өңдеудің 
және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген көркемдік 
авторлық концепциясы бар видеоролик; музыкалық клип; киножурнал – елдің 
өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т.б. туралы қысқа 
ақпараты бар кинохроника түрі; «Ералаш» – әзіл-сықақ бейнеролигі; 


408 
8) 
«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтар 
байқауы мына номинациялар бойынша өткізіледі: «Туған өлке соқпақтары» 
іздеу-зерттеу жобасы; экологиялық экспедицияның есебі; экологиялық соқпақ - 
қатысушылар экологиялық карта жасайды; «Біріктірілген туризм» - 
қатысушылар кросс-жорық жүргізеді, оған туристік техника және тактика, 
бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа шығу 
және құтқару жұмысының элементтері кіреді; 
9) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарыс (әуе, 
зымыран, авто және кеме жасау) модельдердің кластары бойынша: радиомен 
басқарылатын көлік модельдері, автотрассалық модельдеу, әуе модельдері
кеме модельдері, зымыран модельдері; 
10) «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және 
дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі мына 
номинациялар бойынша ұйымдастырылады:
«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»;
«Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;
«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;
«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, 
бөлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б.»;
«Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және 
т.б.)»;
«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері»
Байқаулар, көрмелер мен жарыстардың облыстық, қалалық (Нұр-Сұлтан, 
Алматы, Шымкент) кезеңдерінің жеңімпаздары білім басқармаларының 
өтінімдері негізінде республикалық маңызы бар іс-шараларға қатысады. 
Сабақтан тыс уақытта балалардың жұмыспен толық қамтылуын 
қамтамасыз ету үшін пән мұғалімдерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Пән 
мұғалімдері үйірмелер, секциялар, студиялар, қызығушылықтары бойынша 
клубтар, спорт секцияларын, дайындық курстарын жүргізе алады, өз бейіні 
бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, байқау, ойын-сауық 
бағдарламаларын, экскурсияларды және т.б. ұйымдастырады. 
Мысалы, физика мұғалімі «Қызықты физика», «Робот техникасы» немесе 
техникалық шығармашылық (техника түрлерін моделдеу: авто, әуе, кеме және 
т.б.) үйірмелерін жүргізе алады. Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән 
мұғалімі, екіншісінде – қосымша білім беру педагогі болып жұмыс істейді.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жалпы орта білім 
беру ұйымдары мен мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары үшін 
қосымша білім беру педагогтері мен ұйымдастырушы-педагогтерінің 
қосымша штат бірліктерін қарастырады. 
Сабақтан тыс уақытты ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушылардың 
әлеуметтік, моральдық тұрақты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға 
және оны сауықтыруға бағытталған білім алушылардың пайдалы жұмыспен 
қамтылуын қамтамасыз ететін біртұтас білім беру жүйесін құру. 
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың денсаулығын сақтауға, білім 
алушылардың да, педагогтердің де өз бетінше білім алуына және дамуына 


409 
бағдарлануы, олардың мүдделерін ескере отырып, оқушылардың жұмыспен 
қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұжымдық және жеке тақырыптық 
ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларды іске асыруға қатысу арқылы 
балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы тиіс.
Осылайша, жалпы білім беретін мектепте балаларға қосымша білім беру 
ресурсын пайдалану бірыңғай білім беру кеңістігі шеңберінде білім 
алушылардың бойында әлемді тұтас қабылдауды қалыптастыруға, жеке 
қызығушылықтары мен жеке басының қажеттіліктерін дамыту үшін жағдай 
жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет