174
-
дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы
тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;
-
еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;
-
Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;
-
толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі
зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.
Оқу барысында:
-
мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның
қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;
-
пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар
бермеу;
-
жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;
-
ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты
заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуда білім алушының
құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының
келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:
Достарыңызбен бөлісу: