Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет100/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   244
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 
1) 5-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
3) 7-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 8-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 
5) 9-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 


166 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 
Төменде 62-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 
62-
кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
5-
сынып 




6-
сынып 




7-
сынып 




8-
сынып 




9-
сынып 




«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша 
оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 
 
Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін 
(тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, 
алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен 
сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи 
тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және 
баға беру дағдыларын қалыптастыруға; 

тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын 
қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын 
құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер 
мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау); 

қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
 
Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге 
сәйкес болуы қажет:

тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

дифференциацияны көздеу;

сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;

проблемалық оқытуға негізделуі;

бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.
Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру 
барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру 
ұсынылады.
 
Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен 
оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны 


167 
«оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады. 
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан 
қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және 
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму 
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 
анықтау» атты оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи 
картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың 
бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін 
тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте 
бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. 
Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада 
белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар 
жасауға тапсырмалар беру ұсынылады. 
7-9-
сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін 
тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады. 
9-
сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының 
маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар 
аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар 
қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің 
көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға 
салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.
Мысалы, «Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым» тақырыбы бойынша оқытуда 
білім алушыларды Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібін дамытудағы 
қызметіне талдау жасауға және ғылымды дамытудағы рөліне баға беруге 
бағыттау ұсынылады.
«Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» 
тақырыбы бойынша білім беруде қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік 
соғысының жеңісіне қосқан үлесіне баға беруде 2019 жылы мерейтойлық 
күндері атап өтілетін Н.Әбдіров, С.Баймағамбетов, Т.Тоқтаров, Леонид 
Беданың ерлігіне қосымша материалдар негізінде талдау жасауға бағыттау 
ұсынылады. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық 
қасиетін айқындау бойынша тапсырма беру ұсынылады. 
 
Тарихты оқытуда тарихи концепт бойынша берілетін тапсырмаларды 
оқушылардың тарапынан тек қана себеп пен салдарларды анықтаумен қатар, 
бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі 
бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды 
маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады. 
 
Тарихи деректердің интерпетациясы бойынша тапсырмалар әзірлеуде 
оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен 
танымдық мүмкіндіктерін, дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп 


168 
күрделендіру ұсынылады. Тарихты оқытуда түрлі тарихи деректерді, аудио 
және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет