Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Мамандандырылған білім беру ұйымдарында 10 сыныптарды



Pdf көрінісі
бет199/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   244
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында 10 сыныптарды 
қалыптастыру тәртібі: 
2019-
2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге 
байланысты оқу жоспары мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған 
Үлгілік оқу жоспарының 77-80 қосымшалары негізінде құрастырылады. 
Көрсетілген қосымшаларда оқу пәндерін міндетті, тереңдетілген, стандартты 
деңгейлерде білім алу үшін оқу сағаттарының саны қарастырылған. 
Тереңдетілген деңгейдегі пәнді таңдау барысында: 
-
білім алушылар тереңдетілген деңгейде оқитын екі оқу пәнін 
анықтайды. 
-
қолданыстағы Үлгілік оқу жоспары негізінде мектеп мүмкіндігін ескере 
отырып білім алушылар оқуға ниет білдірген бағыттар саны анықталады (бұл 
тек бірнеше нақты бағыт болуы мүмкін, мысалы, физика-математикалық және 
химия-биологиялық; немесе химия-биологиялық және гуманитарлық; немесе 
оларды тереңдетілген деңгейде зерделеу үшін оқу пәндерінің көп жиынтығы). 
Осы мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардың бейіндік топтары құрылады 
(топ құрамында кемінде 10 оқушы).  
Бейіндік 
оқытуды 
жүзеге 
асыру 
кезінде 
10-сыныптарды 
қалыптастырудың бірнеше моделі болуы мүмкін: 
1 модель: бір сыныпта бірдей оқу пәндерін тереңдетілген деңгейде 
оқитын оқушыларды жинақтау; 


350 
2 модель: бір сыныпта әртүрлі оқу пәндерін тереңдетілген деңгейде 
оқитын оқушыларды жинақтау (топ құрамында кемінде 10 оқушы).
Қазіргі уақытта дарынды және жоғары мотивациялы балалармен жұмыс 
жасаудың маңыздылығы мен қажеттілігі ешкімге күмән келтірмейді. 
Дарынды балаларды анықтау мен дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар 
жасау, 
олардың 
әлеуетті 
мүмкіндіктерін 
іске 
асыру 
Қазақстан 
Республикасының басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Таңдау бойынша курстар, элективті курстар бейін алды даярлық және 
бейіндік оқыту жүйесінде маңызды рөл атқарады және негізгі, жалпы орта білім 
беру деңгейінде оқу процесінің вариативті жүйесінің ажырамас бөлігі болып 
табылады. Мамандандырылған білім беру ұйымдары таңдау бойынша 
курстарды, элективті курстарды оқушылар мен олардың ата – аналарының 
таңдауына сәйкес анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет