Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


нәтижелі оқуға дайындауы тиіс



Pdf көрінісі
бет202/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   244
нәтижелі оқуға дайындауы тиіс. 
2. Элективті курстардың сипаттамасы 
Элективті курстар оқушылардың бейіні мен кәсіби өзін-өзі анықтауын 
қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымы шешім қабылдайды және оқушыларға 


353 
элективті курстарды таңдауға мүмкіндік береді. 
Элективті курстардың көптеген функциялары мен міндеттері бар: 

бейінді оқу пәндерінің бірін, оның тарауын жоғары деңгейде меңгеруін 
қамтамасыз етеді (мысалы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша орыс 
тілінен элективті курс “Іскерлік қарым-қатынас”); 

пәнаралық негізде өзара байланысы бар оқу пәндерін меңгеруге қызмет 
етеді (мысалы, “Математикалық статистика, “Компьютерлік графика”, “Өнер 
тарихы”); 

бірнеше базалық оқу пәндердің бірін меңгеруде жоғары деңгейді 
қамтамасыз етеді (мысалы, орыс тілінен электив “Түрлі стиль мен жанрдағы 
функционалдық-мағыналық мәтіндер құру”); 

практикалық маңызы бар тапсырмаларды шешу үшін қызметтің 
дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға көмектеседі; 

кәсіптік бағдар бойынша жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді; 

өмірлік жолын таңдауды жүзеге асыратын мүмкіндіктер мен тәсілдердің 
қалыптасуына ықпал етеді; 

өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге, танымдық қызығушылығын 
қанағаттандыруға себеп етеді; 

еңбек нарығында үздік жетістіктерге жету үшін, оқушылардың білім 
нәтижелерін меңгеруге ықпал етеді (мысалы, элективтер “Іс жүргізу”, 
“Бухгалтерлік есеп негіздері”, “Іскерлік ағылшын тілі”, «Әртүрлі кәсіптік 
қызметтегі бағдарламалық қамтамасыз ету”). 
Оқушы курсты өз бетінше таңдайды. Элективті курстың немесе таңдау 
бойынша курстың мазмұнын іріктеу арқылы мұғалім келесі сұрақтарға жауап 
беруі тиіс: 
1. Бейін алды даярлық мәселелерін қандай мазмұндағы материалдар 
және жұмыс түрлері арқылы мен толық жүзеге асыра аламын? (оқушыға 
бейінді таңдауға көмектесу, оның бұрынғы дайындығының орынын толтыру, 
осы бейіндік іс-әрекеттерге тән көрсету, оқушыға өзін көрсетуге және табысқа 
жетуге мүмкіндік береді). 
2. Курс мазмұнының базалық курстан қандай сапалы ерекшелігі бар? (ол 
тіпті базалық курста мүлдем көрсетілмеген, ол “кездейсоқ” ұсынылған, ол 
туралы тек ескеріледі, ол бір жақты ұсынылған, басқа көзқарастар 
көрсетілмеген т.б.) 
3. Аталған курс қандай оқу және қосымша материалдармен қамтамасыз 
етілген? (кітапхана қоры, хрестоматиялар, жинақтар, дидактикалық 
материалдар т.б.) 
4. Қандай жұмыс түрлері (бейіндік – және кәсіби бағдарланған) аталған 
мазмұнда жұмыс жасауға мүмкін? (Мысалы, талдау әдісін пайдалану; 
химиялық тәжірибе өткізу; топпен, жеке, жұппен жұмыс; логикалық пікірталас; 
өткен материал бойынша резюме құрастыру). 
5. Аталған курс жұмысында оқушының өз бетімен жұмысының үлесі 
қандай? (зерттеу нысаны; есеп жұмыстарының түрлері (реферат, мақала жазу, 
презентация)?
6. Аталған курсты зерттеу барысында педагог пен оқушыға түсінікті 


354 
қандай өлшемдер жетістікті бағалауға мүмкіндік береді? (сабақ үстінде 
белсенділікті бақылау; оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесу; оқушылардың 
талдау жұмыстары; тестілеу) 
7. Курсқа, болашақ бейінге деген қызығушылық динамикасы жұмыс 
барысында қалай анықталады (алғашқы және соңғы сабақта анкета алу. 
Міндетті жұмыстарды орындаған сайын жұмыс барысында әңгімелесу)?
8. Оқушыға арналған курс қалай аяқталады, есеп беру формасы қандай? 
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалім бағдарламаға түсіндірме 
жазба құрастыруға дайындалады. 
Бағдарлама құрылымы бірнеше компоненттерден тұрады: 
1.
оқу-тақырыптық жоспар 
2.
ОӘК және басқа да тірек оқу құралдарының тізілімі 
3.
әдебиеттер тізілімі және библиография; 
4.
түсіндірме жазба; 
5.
жүзеге асырылатын формалар мен қолданылатын технологиялар 
түрлерінің тізілімі. 
Бағдарлама: 
1. 
бейіндік мектептің тұжырымдамасына сәйкес келуі; 
2. 
практикалық бағыты болуы; 
3. 
оқу материалының құрылымы мен ұсыну логикасы болуы; 
4. 
мазмұны бойынша дұрыс байланысуы және құрылымдалуы;
5. 
уақыт пен ресурстарды жұмсауда шынайы болуы; 
6. 
оқушыларға білім алуды жалғастыру үшін саналы және объективті 
түрде таңдау жасауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді әдістерін қамтуы; 
7. белгілі бір дәрежедегі жаңалықтың болуы; 
8. 
жалпы оқу және пәндік біліктер мен дағдыларды дамытуға мүмкіндік 
беретін мазмұнды жалпылаудың қандай да бір дәрежесіне ие болуы тиіс. 
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сүйене отырып, бағдарламаны жазу 
алгоритмі құрастырылды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет