5. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру
ұйымдары қызметінің тәртібі
79. Білім беру ұйымы оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесі болып табылады және:
1) әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын;
2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алудан қасақана жалтаратын;
3) отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын;
4) қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары
бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын күдікті;
5) өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін
құрылады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015
№ 351
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
80. Білім беру ұйымының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;
5) оқыту және тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.
81. Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған қыз балалар мен ұл балаларды бөлек орналастыруды
қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады. Ер және әйел жынысты тәрбиеленушілердің, сондай-ақ 11-
14 жастағы тәрбиеленушілердің жатын корпустарын 15-18 жастағылардан оқшау орналастыру міндетті
шарт болып табылады.
82. Білім беру ұйымына кәмелетке толмаған соттың шешімі бойынша бір айдан бір жылға
дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену
жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық
процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының
қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін білім беру ұйымына
орналастырылуы мүмкін.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015
№ 351
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
83. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымына алу үшін құжаттар жинауды кәмелетке
толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді
.
84. Білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар білім беру органдарына қарасты Кәмелетке
толмағандарды бейімдеу орталығы (бұдан әрі – КБО) арқылы жеткізіледі.
85. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымдарында ұстау шарты Жарғымен, Ішкі тәртіп
ережесімен және осы Қағидалармен реттеледі.
86. Білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының
негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
87. Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды оқыту және тәрбиелеу олардың жасын
және жеке ерекшеліктерін ескере отырып сараланып жүргізіледі.
88. Тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие процесімен және әлеуметтік оңалтумен байланысты емес
іс-шараларға тартуға жол берілмейді.
89. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің кәсіптік практикасы білім беру
саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
90. Білім беру ұйымында еңбекке оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу-тәжірибе
учаскесінде және қосалқы шаруашылықта кәмелетке толмағандардың жасы мен дене дамуын ескере
отырып күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.
91. Бітіру емтихандарын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық бойынша тиісті
біліктілік деңгейі және біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
92. Директор, оның орынбасарлары, педагогтер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың
ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жүйелі байланысын қамтамасыз етеді.
93. Білім беру ұйымы өзінің қызметі туралы құжаттама мен статистикалық есептілікті Заңға
сәйкес жүзеге асырады.
6. Ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған
білім беру ұйымы қызметінің тәртібі
94. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері
болып табылады және:
1) қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған;
2) қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
3) қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары
бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын күдікті он бір жастан он сегіз жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше
жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015
№ 351
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
95. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының негізгі міндеттері девиантты
мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарының негізгі міндеттеріне ұқсас.
96. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
үшін ер балалар мен қыз балаларға жеке құрылады.
97. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар соттың шешімі
бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру
және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда,
ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық
органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше режимде
ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015
№ 351
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
98. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандарды жеткізу білім беру
органдарының иелігіндегі КБО арқылы жүзеге асырылады.
99. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке
ісін ресімдеу оның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
100. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қабылдау директордың бұйрығымен
ресімделеді.
101. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесі Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012
жылы 10 желтоқсанда № 8170 тіркелген) Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің үлгілік оқу
(бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес жүзеге асырылады.
жоспарларына
102. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілерді оқыту мен
тәрбиелеу олардың жас және жеке басы ерекшеліктерін ескере отырып сараланып жүзеге асырылады.
103. Директор, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың
ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жүйелі байланысын қамтамасыз етеді.
104. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өз қызметі туралы құжаттама мен
статистикалық есептілікті Заңға сәйкес жүзеге асырады.
7. Аурухана жанындағы мектеп қызметінің тәртібі
105. Аурухана жанындағы мектептер Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
сәйкес құрылады. Аурухана жанындағы мектеп ұзақ уақыт емделіп жүрген балаларға 1-11
заңнамасына
(12) сыныптарда білім алуға құқық береді.
106. Аурухана жанындағы мектептің қызметі мектеп Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен
реттеледі, ол Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
сәйкес лицензиялауға
заңнамаларына
жатады.
107. Аурухана жанындағы мектеп білім беру процесін қолданыстағы ҮОЖ сәйкес жүзеге асырады
.
Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігінің құрамына кіретін және нақты ұйым
ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларын әзірлеуді
мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.
108. Аурухана жанындағы мектепте сабақ аптасына 5 рет өткізіледі (сенбі, жексенбіден
басқа), апталық оқу жүктемесі реттеледі (аптасына 3 сағаттан 20 сағатқа дейін).
109. Аурухана жанындағы мектепте оқыту жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар
оқитын оқулықтар мен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Аурухана жанындағы мектепте білім
алушылар оқулықтармен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
110. Аурухана жанындағы мектептің оқыту нысаны білім алушының денсаулық жағдайымен
анықталады: дербес (негізгі аурудың ауыртпалығы бойынша) немесе сыныптық-сабақтық.
111. Аурухана жанындағы мектепте білім алушыларға жеке іс қағазы ресімделеді және
қабылдау туралы бұйрық шығарылады.
112. Аурухана жанындағы мектептерде сыныптық, өзіндік және бақылау жұмыстары жүргізіледі,
білім алушылардың білімі бағаланады, тоқсан аяқталғанда тоқсандық бағалар қойылады.
113. Оқу жылы аяқталған соң 1-8 (9) сынып білім алушыларына жылдық және қорытынды бағалар
қойылады және бұйрықпен келесі сыныпқа ауыстырылады.
114. 9, 11 (12)-сынып білім алушылары мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында қорытынды
мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Емтихан және қорытынды бағалары бойынша білім алушыларға
мемлекеттік үлгіде құжат беріледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 4-қосымша
Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік Үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «
Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының
(бұдан әрі - Заң) сәйкес
Заңына
әзірленген.
2. Осы Үлгілік қағидалар халықаралық мәртебесі берілген халықаралық мектептерге
таратылады.
3. Халықаралық мектеп – Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе
халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
4. Халықаралық мектептер қызметінің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы өзгерістерге оңай
бейімделе алатын және оның дамуына сындарлы үлес қоса алатын тұлғаның интеллектуалдық,
физикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін үйлесімді және перспективті білім беруді
қамтамасыз ету.
5. Халықаралық мектеп білім беру процесінде қазақстандық мектептердің және халықаралық
мектептік білім берудің үздік педагогикалық тәжірибесін қолдану арқылы аталған мақсаттарға қол
жеткізуді, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемелік жарақтандыруды, педагогикалық
ұжымның тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
6. Халықаралық мектептердің қызметі мынадай қағидаттарда құрылады:
1) мектептің білім беру бағдарламасын интернационалдандыру – білім беру процесінің оқушы
бойында өз халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін, мәдениетаралық түсінік пен
толеранттылықты қалыптастыруға бағытталуы;
2) интеграция – мектептің халықаралық білім беру қоғамдастығында толық құқылы мүше болуы,
мектеп бітірушілерге халықаралық үлгідегі мектепті аяқтағандығы туралы құжат алу мүмкіндігін
беру, халықаралық деңгейдегі педагогті қалыптастыру;
3) академиялық еркіндік – мектептегі білім беру құрылымын (деңгейлерін) таңдау, білім
беру бағдарламаларын, білім беру қызметін жүзеге асыру нысандары мен әдістерін әзірлеу және
енгізу дербестігі;
4) автономдылық және өзін-өзі басқарушылық – қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқарудағы
дербестік;
5) жариялылық және транспаренттілік – мектепті Халықаралық Бакалавриат ұйымының білім
беру бағдарламаларын халықаралық авторландырудан және/немесе халықаралық институционалдық
аккредиттеуден міндетті өткізу, мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы,
қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік жауапкершілік – мектеп бітірушілеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу
орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін
білім беру деңгейін қамтамасыз ету.
7. Халықаралық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының заңдарын, құрылтайшының (құрылтайшылардың) жергілікті құжаттарын, осы Үлгілік
қағидаларды және мектеп Жарғысын басшылыққа алады.
8. Халықаралық мектеп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерінде оқыту мен
тәрбиелеуді жүзеге асырады, жеке тұлғаның денсаулығын сақтауды және жан-жақты дамуы үшін, оның
ішінде өздігінен оқуда және қосымша білім алуда білім алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндіктеріне қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
9. Халықаралық мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны құрылтайшының (
құрылтайшылардың) шешімімен анықталады.
10. Халықаралық мектепте саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен
ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.
2. Халықаралық мектептің қызметін ұйымдастыру тәртібі
11. Халықаралық мектепті құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Үлгілік қағидаларда көрсетілген
шарттарды сақтаған жағдайда өзінің бастамасы бойынша құрады.
12. Оқу орнын ашу туралы құрылтайшының (құрылтайшылардың) бұйрығы және мектептің Жарғысы
халықаралық мектептің құрылтай құжаттары болып табылады. Мектеп қызметінің негізгі бағыттарын
құрылтайшы (құрылтайшылар) реттейді.
13. Заңды тұлға ретінде Халықаралық мектептің Жарғысы, банктік мекемелерде есептік және
басқа да шоттары, мөрі, мөртаңбасы, өзінің атауы бар бланкілері болады.
14. Халықаралық мектеп білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алған сәттен бастап
білім беру қызметін жүргізуге құқылы.
15. Халықаралық мектеп өзінің қызметі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігіне үнемі ұсынып отырады.
16. Халықаралық мектеп тиісті халықаралық білім беру ұйымдары белгілеген кезеңділікпен
тұрақты негізде Халықаралық Бакалавриаттың бағдарламалары бойынша авторландырудан және/немесе
халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтеді.
17. Халықаралық мектеп қажет болған жағдайда білім беруді дамыту және жетілдіру
мақсатында кешендер құруға, мекемелердің, кәсіпорындардың және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде
халықаралық ұйымдардың қатысуымен қауымдастықтар, одақтар және өзге де бірлестіктер құруға және
қызметіне қатыса алады.
18. Халықаралық мектеп шетелдік кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен тікелей
байланыс орнатуға, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға және банктік және басқа да
кредиттік мекемелерде валюталық шоттары болады.
19. Медициналық қызмет көрсетуді әкімшілік және педагогикалық персоналмен қатар білім
алушылардың денсаулығы мен дене дамуын қамтамасыз ету, емдік-профилактикалық іс-шараларды өткізу
, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, білім алушылардың тамақтану режимі мен сапасын
штаттық медициналық персонал қамтамасыз етеді.
20. Халықаралық мектепке қабылдау тәртібін мектептің құрылтайшысы белгілейді және
бекітеді және білім алушылардың, олардың ата-аналарының (оларды алмастыратын адамдардың)
құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен және Жарғыда көзделген өзге де жергілікті
актілермен айқындалады.
21. Халықаралық мектепте оқытуды жергілікті және Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдары жалдаған шетелдік педагогтер жүзеге асырады.
22. Қызметкер мен мектеп әкімшілігінің қарым-қатынасы, шарттары Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамаларына сәйкес реттеледі.
23. Халықаралық мектепті басқару мектептің Жарғысына сәйкес демократиялылық, ашықтық,
жалпы адами құндылықтардың басымдығы, адамның денсаулығы мен өмірін қорғау, жеке тұлғаның еркін
дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.
24. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесі және барлық
қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес
әзірленеді және мектеп Жарғысы және басқа да жергілікті мектеп актілерімен қарастырылған
тәртіпте бекітіледі.
25. Мектептің қаржы-шаруашылық қызметін құрылтайшы (құрылтайшылар) регламенттейді және
меншік нысанына байланысты.
3. Оқу-тәрбие процесі
26. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып дербес
әзірленген білім берудің біріктірілген оқу бағдарламаларын іске асырады.
27. Негізгі мектептің оқушылары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және
мектептің Жарғысына сәйкес мемлекеттік және/немесе халықаралық сыртқы аттестаттауға қатысады.
Негізгі мектептің курсы үшін қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен негізгі мектептің
бітірушілеріне негізгі мектепті бітіргені туралы мемлекеттік және/немесе халықаралық
үлгілердегі құжаттар беріледі.
28. Халықаралық мектепті аяқтағаннан кейін білім туралы құжат алған жоғары мектеп
оқушыларына бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар беріледі.
Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен шкала бойынша
қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру жолымен белгіленеді.
29. Халықаралық мектепте оқыту мен тәрбиелеу жүргізілетін тілді (тілдерді) құрылтайшы (
құрылтайшылар), мектептің Жарғысы және тіл саясаты айқындайды.
30. Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы мектептің білім беру
бағдарламасына қосу үшін міндетті пәндер болып табылады.
31. Халықаралық мектеп сыныптар мен топтардың қажетті санының жұмыс істеуі үшін жағдайлар
жасаумен оқушылардың оқу тілін таңдау құқығын іске асырады.
32. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес халықаралық мектеп оның мәртебесін
айқындайтын негізгі оқу бағдарламаларының шегінен тыс қосымша білім беру бағдарламаларын іске
асыруы және қосымша білім беру қызметтерін көрсетуі мүмкін.
33. Халықаралық мектепте білім беру процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының
талаптарын ескере отырып, мектеп дербес әзірлейтін жұмыс оқу жоспары және/немесе кіріктірілген
білім беру бағдарламалары негізінде құрылады.
34. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасының заңнамаларына және мектептің Жарғысында
белгіленген шектерде оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес
болады.
35. Халықаралық мектеп оқушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін бағалаудың
біріктірілген қазақстандық және/немесе халықаралық жүйесін пайдаланады.
36. Жылдық күнтізбелік оқу кестесін халықаралық мектеп дербес, құрылтайшымен (
құрылтайшылармен) келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.
37. Халықаралық мектепте тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, азаматтылықты,
этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сонымен қатар
функционалды сауаттылықты, оқушыларды, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен
қабілеттерін дамытуға бағытталған.
4. Халықаралық мектепті басқару
38. Халықаралық мектепті басқару осы Үлгілік қағидаларына, мектептің Жарғысына және
құрылтайшылық құжаттарына сәйкес демократиялылық, ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы
, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы принциптерінде жүзеге
асырылады.
39. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесі және барлық
қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес
әзірленеді.
40. Халықаралық мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым халықаралық емтихан
алушыларды, тренерлерді, сарапшыларды қосқанда жоғары білікті қазақстандық және шетелдік
педагогтер санынан құрылады.
5. Қаржылық қамтамасыз ету
41. Халықаралық мектептің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ақылы білім беру
қызметтерін көрсетуден түскен кіріс болып табылады.
Білім беру ұйымы қызметкерлерінің инновациялық қызметін ынталандыру үшін халықаралық
мектеп еңбекақы төлеудің нысаны мен жүйесін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
дербес айқындайды.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 5-қосымша
Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік
қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 - бабының 44
сәйкес әзірленді және жатын орынды бере отырып жалпы орта білім алуды
-5) тармақшасына
қамтамасыз етеді.
2. Интернаттық білім беру ұйымдары мынадай түрлерден құрылады:
1) жалпы үлгідегі:
мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім
алуын қамтамасыз етеді;
әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім алуды және тереңдетілген әскер қатарына
шақыруға дейінгі және физикалық дайындығының қосымша білім беру бағдарламаларын, білім берудің
кейінгі деңгейлерінде әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуды жалғастыру мүмкіндігін
қамтамасыз етеді;
жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат - тиісті білім беретін мектептері жоқ елді
мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;
тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық) – білім беру ресурстарына сессиялық
сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын
орналасқан шағын жинақты мектептер оқушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді қамтамасыз етеді
;
көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат -
мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балалардың, мемлекеттік әлеуметтік көмек
алмайтын отбасылардан шыққан балалардың, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек
беріле отырып,
шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалардың
ең төменгі күнкөріс деңгейінің
орта білім алуын қамтамасыз етеді;
2) арнайы үлгідегі:
санаторийлік мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтаумен қоса жалпы орта білім алуды,
, медициналық оңалту мен демалуды, емдеу-профилактикалық туберкулезға қарсы іс-шаралар
емдеуді
өткізуді қамтамасыз етеді.
3. Интернаттық білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
балалардың білім алуы үшін жағдайлар жасау, интеллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік, табиғи
, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және қосымша білім беру
бағдарламаларына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыру;
жалпы орта білім алу кезеңінде білім алушылардың тұруы үшін ыңғайлы және қауіпсіз
жағдайларды қамтамасыз ету.
4. Интернаттық білім беру ұйымдарына жатын орын беріле отырып жалпы орта білім алу
қамтамасыз етіледі:
1) жалпы үлгідегі:
мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге
асырады;
әскери мектеп интернат – конкурстық негізде жалпы орта білімді аяқтағаннан кейін 15-16
жастағы ер балаларды қабылдауды жүзеге асырады;
жалпы білім беретін мектептің жанындағы интернат – тиісті жалпы білім беретін мектептері
бар елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге асырады;
тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық) – білім беру ресурстарына сессиялық
сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса тірек
мектептеріне бекітілген шағын жинақты мектептер оқушыларын қабылдауды жүзеге асырады;
көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат -
мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балаларды, мемлекеттік әлеуметтік көмек
алмайтын отбасылардан шыққан балаларды, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек
беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды
қабылдауды жүзеге асырады;
2) арнайы үлгідегі:
1) санаторийлік мектпеп-интернат – облыстық, қалалық туберкулезға қарсы диспансер
жанындағы жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар
қалалардың және білім және денсаулық сақтау басқармаларының бағыттары бойынша оқу жылының
басынан немесе жарты жылдықтан бастап 16-18 жастағы балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Бос
орын болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін оқушыларды қабылдауға рұқсат етіледі.
Санаторийлік мектепте ауыстыру емтихандары жүргізілмейді.
Сыныптың толықтығы және 20 баладан көп емес топтар толық сауыққанға дейін (туберкулезға
қарсы диспансердің есебінен шығарғанға дейін) кемінде бір оқу жартыжылдығында емдеуде болады.
Балалардың болу уақыты медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға дейін созылуы мүмкін және
комиссия қарайды. 1-5 сыныптардағы сабақтардың ұзақтығы 35 минут, 6-11 сынаптарда – 40 минут.
Әр сабақтың алдында дене тәрбиелік жаттығулар өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |