Жетісу облысы Көксу ауданы «Жамбыл атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектепте» 2022-2023 оқу жылында тегін ыстық тамақпен 31 оқушы тамақтанады. Ата-ана баласының қандай тағам жегенін біліп отырады. Тағамның сапалы пісірілуін кім қадағалайды? Қабылданған қаулыға сай мектептегі ас мәзірі қандай болу керек? Қандай отбасыдан шыққан балалар тамақтанады? Ас мәзірін кім бақылауда ұстайды?
Елімізде мектеп жасындағы балалар арасында ас қорыту жүйесі ауруларының көбейгеніне назар аударған жөн. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 21,5 пайызы, яғни әрбір бесінші жас жеткіншек артық салмақтың зардабын тартып отыр. Оның бәрі дұрыс тамақтанбағаннан туындап отырған мәселе екенін мамандар алға тартады.
Сондай-ақ, мектепте тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттың енгізілгеніне екі жыл болса да, ол туралы оқушы да ата-ана білмеуі мүмкін. Төрт апталық ас мәзірі туралы не білеміз? Әуелі өзгерістерді шолып өтейік.
Мектептің асханасы мемлекеттік және жеке әріптестікке ұзақ мерзімге берілуі мүмкін Кәсіпкерлерге мектеп асханасын бір жылға ғана жалға алу тиімсіз. Өйткені, сол аралықта сатып алынған құрылғыларды да ақтап үлгермейді сондықтан 3-10 жылға асхананы жалға алу туралы жобаны Тараз қаласының мектептері қолдап отыр. Жүзеге асу үшін Білім және ғылым министрлігі қағидаға өзгеріс енгізу қажет.
– Тамақтанудың нормативтік-құқығы бойынша жаңа қағида әзірленген. Жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы енгізілді. Мектептер тамақтану қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ала алады. Яғни, мектеп басшысы өнім берушімен ұзақ мерзімге келісім-шартқа отырады.
Заң бойынша тегін тамақ мұқтаждарға беріледі Олар:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балаларына;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасы балаларына .
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, қорғаншы отбасыларда тұратын балаларға;
Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына жататындығын растайтын құжаттары дайын болса, бюджет есебінен тегін тамақтана алады