Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер



бет120/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   231

237-бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер


1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттердi дара кәсіпкер, құрылтайшы (қатысушы), коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам, лауазымды адам, сол сияқты уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы оңалту және банкроттық кезінде жасаса және бұл әрекеттер iрi залал келтiрсе, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дара кәсіпкердің, құрылтайшының (қатысушының), коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, лауазымды адамның, сол сияқты уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының оңалту және банкроттық кезінде басқа кредиторларға көрiнеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл іс-әрекет iрi залал келтiрсе, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 237-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет