Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы



бет231/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   231

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

467-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы


1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 48-бапты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1-1. Осы Кодекстің 45-бабының ережелері әскери қызметшілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабы алтыншы бөлігінің 1) тармағында, 42-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында және 43-бабы 2-1-бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда – 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал қосымша жаза түрі ретінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу тағайындалған адамдарға қатысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Осы Кодекстің 287-бабында бекітілген ережелер жарақаттайтын патрондармен атылатын ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Бұл ретте 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"51-бап. Мүлікті тәркілеу


1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктің барлығын немесе бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алып қою.
Сотталған адамның меншігінен басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасаған қылмыстары үшін, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркіленуге жатады.
Сотталған адамның меншігінен басқа, осы Кодекстің 193-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те тәркіленуге жатады.
Сотталған адамның меншігінен басқа, террористік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жолмен табылған, террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған не пайдалану үшін арналған мүлік те тәркіленуге жатады.
2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыстар үшін мүлікті тәркілеу белгіленеді және ол осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
3. Сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленуге жатпайды.
Ескертпе. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік, егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған жағдайда тәркіленуге жатпайды.
Бұл ретте осы бапқа ескертпенің ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған жария етілген мүлік пен ақшаға қолданылмайды.";

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет