8. Қорытынды “Жалпы экология” пәнінен өткен оқу тәжірибеміз бізге көптеген мәлімет беріп қана қоймай,көптеген мүмкіндіктер сыйлады.Алғашқы оқу-тәжірбие күндері жалпы өндірістік орындарға саяхат барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысудан және университетіміздегі биотехнологиялық зертхананың жұмыс барысымен танысудан бастау алды.Экскурсия барысында қауіпсіздік шараларын сақтай отыра зертхананың қандай жұмыстармен айналасатындығын біліп,зертханалармен таныстық.Мұнда жас ғалымдардың ғылыми жұмыстар жасап,зерттеулермен шұғылдануына толық мүмкіндік бар екенін білдік.Келесі күні қоршаған ортаға зиянсыз өнім шығаратын “EcoTara” кәсіпорнымен таныстық.Кәсіпорынның негізі өнімдері,яғни түрлі картон қораптар,экопакеттермен және оған қолданылатын шикізаттарымен танысып мол мағұлмат алдық.Сонан соң Астана іргесінде орналасқан “POLMARKET” атты түрлі бағыттағы өнім шығаратын компанияға саяхат жасадық.Компанияның басты бағыттарының бірі қалдықтардан өнім өндіру.Олардың осылайша пайдағы жарамсыз өнімге екінші өмір сыйлап,табиғатты құтқарып отқандығын білдік.Оқу тәжірибенің екінші аптасында “Астана орманы” жасыл белдеуіне саяхаттап,оның флора мен фаунасының даму барысымен таныстық.Жасыл белдеудің біраз мәселелері құстардың көмегін шешіліп отырғанын ұғындық.Келер күні “Астана су арнасына” қарасты кәріздік тазарту құрылыстарының жұмыстарын өз көзімізбен көріп қайттық.Нәтижесінде судың қалай сүзгіленетінін және оны қандай пайдаға асыратынын түсініп,тазарту станцияларында болдық.Астана қаласында орналасқан ең жас және ең үлкен ботаникалық баққа да барып үлгердік.Жаңа бағыттағы технологиямен жұмыс жасайтын жылыжай жұмыстарына,ғылыми зерттеу орталықтарына саяхат жасадық.Ондағы сирек кездесетін өсімдіктер дүниесіне шолу жасап қайттық.Осылайша екі аптаға созылған оқу-тәжірибемізде білмеген көп дүниелерімізді біліп,болашақта мықты маман иесі болу үшін ақыл ойымызды тың ақпараттармен толықтырдық.Қоршаған ортаның бүгінгі жағдайы мен болашағы бізді ғана емес барша әлемдегі адамзат баласын алаңдатуы тиіс.Ал осы адамзат ішінен қоршаған ортаны қорғауда бәсекеге қабілетті,саналы түрде үлкен үлес қоса алатын маман иелерінің болуы шарт.Сондықтан біздің білімді болуымыз барлық жер бетіндегі тірі тіршілік дүниесі үшін өте маңызды екенін жете ұғына алдық.