«Жалпы экология» пәнінен оқу тәжірибесіне арналған есебі орындаған: 02-051-22-01 тобының студенті Әмірхан Е. С жетекші



бет8/10
Дата05.09.2023
өлшемі5,1 Mb.
#106140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Елдар практика экология (1)

6. «Кәріздік тазарту құрылыстары»

Біз осы күні Қорғалжын тас жолының бойында орналасқан Қазақстан Республикасы,Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Астана су арнасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты “Кәріздік тазарту құрылыстары” бөлімімен танысып қайттық. Ең алдымен мекеме аумағының жалпы құрылысы және құрылымы баяндалды.Білгеніміздей аумақта ірілі-ұсақты 15 ке жуық су тазалау станициялары жұмыс жасап тұр.Қазіргі уақытта елордадағы жалғыз кәріз-тазарту қондырғысы осында жұмыс істейді. Оның жобалық қуаты тәулігіне 254 мың текше метр, ал нақты жүктемесі – тәулігіне 260 мың текше метрден асып тұр.Мұнда су тазартылғанша 4 этаптық сүзгіден өтеді.


Механикалық сүзгілеу.Мұнда кәріз құбырларымен осында айдап әкелінген су механикалық тазартудан өтеді.Су 1,5-2 сағат көлемінде құрамындағы түрлі қоқыстардан тазартылып,сұйық-қоймалжың күйде келесі этапқа өтеді.

Механикалық сүзгілеу процесі.

Биологиялық сүзгілеу. Қоқыстардан тазартылған су көптеген 8 метрлік тереңдіктегі бөліктерге құйылып биологиялық тазартудан өтеді.Мұнда сумен микроорганизмдер жұмыс жасайды.Атап өткен 8 метр тереңдіктегі су құйылатын бөліктер белгілі мерзім ішінде арнайы жұмысшылардың көмегімен тазартылып тұрады.


Биологиялық сүзгілеу процесі.

Физика және химиялық сүзгілеу.Мұнда әкелінген су 3 фракциялы құм сүзгісінен өтіп,қоймалжыңдығынан айырылып сұйық күйге еніп, түсі өзгереді.Егер су құрамында фосфат жоғары болатын болса каогулянттар қосылады.

Физика химиялық сүзгілеу процесі.
Ультракүлгін сәулесімен залалсыздандыру. Физика химиялық тазартудан өткен су осында жеткізіліп,белгілі болғандай ультракүлгін сәулелері арқылы залалсыздандырылады.


Ультракүлгін сәулесімен залалсыздандыру процесі.
Осы 4 этаптан тазартылып өткен су қанша сүзгіден өткенімен ішуге жарамсыз.Сол себепті судың зертханалық сараптау нәтижесі зиянсыз болып шықса қала өсімдіктерін суаруға,тазалауға пайдаланылады.Қалған бөлігі Есіл өзен жүйесіне құйылады.Егер сараптама нәтижесімен зиянды болып шығар болса арнайы орынға ағызылады.Тұрмыстық және т.б жұмыс нәтижесі арқылы кәріз құбырымен осында келген су бірнеше этаптарда сүзгілеуден өтетін болғандықтан аумақта ашық күйде тасымалданады.Сол себепті аудағы жағымсыз иістермен күресу мақсатында кәсіпорын айналасы түгелдей дерлік көгалдандырылған.
Аталған кәсіпорында 2000-ға жуық жұмысшы қызмет атқарса,соның 216 қызметкері осы кәріздік тазарту құрылыстарында жұмыс жасайды.Кәріз тазарту құрылғысы тоқтамай кәріз суларын тазартатын болғандықтан жұмысшылар екі ауысым бойынша қондырғыларды барлайды.Мұнан бөлек,осы мекемеге тиесілі зертханадағы қызметкерлер осында әкелінген кәріздік суларды сәт сайын бақылауында ұстап отыр.Нәтижесінде,тазаланған судың құрамымен танысып,мәселе туындағана жағдайда тез шешім шығаруға мүмкіндік алып,қауіптің бетін қайтарады.
Халық санының өсу қарқынын, сондай-ақ құрылыстың жоғары қарқынды болуы нәтижесінде,қаланы таза судың тиісті мөлшерімен қамту үшін өндімділігі тәулігіне 105 мың текше метр болатын үшінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатыр.Жаңа сорғы-сүзгі станциясы пайдалануға берілген соң, қазіргі кәріз тазарту қондырғысына жүктеме де бірнеше есе артады. Қосымша пайда болатын кәріз ағындарын толыққанды тазарту үшін екінші кәріз-тазарту қондырғысының құрылысы жобалануда. Жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме қаралу үстінде екенін айтты. Алдағы 2-3 жылдықта пайдалануға беруді жоспарлап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет