18-бап. Телекоммуникация желілері арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар Аппараттық-бағдарламалық кешен және (немесе) технологиялар арқылы уақытша пайдалануға тұлға ұсынатын, телекоммуникация желілері, оның ішінде Интернет желісі арқылы таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткізуін ұсыну жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
19-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.