Жалпы ережелер


Тақырып 16 Тотығу – тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен және ионды – электронды әдісімен теңестіру



бет18/25
Дата13.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#82179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Тақырып 16 Тотығу – тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен және ионды – электронды әдісімен теңестіру.
Электрондық баланс әдісі – бастапқы және соңғы зат атомдарының тотығу дәрежелерін салыстыруға негізделген.
Бұл әдісті күкіртті сутек және калий перманганатының (қышқыл ортада) әрекеттесуінің реакция теңдеуін құрастыру арқылы түсіндірейік:
1)Алдымен реакция схемасын, яғни бастапқы заттарды және реакция өнімдерін жазамыз:
H2S + KMnO4 + H2SO4 → S + MnSO4 + K2SO4 + H2O
2) Атомдардың реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежелерінің өзгеруін анықтау:
H2S-2 + KMn+7O4 + H2SO4 → S0 + Mn+2SO4 + K2SO4 + H2O
Бұдан күкірт пен марганецтің тотығу дәрежесінің өзгергенін көреміз.
3) Сонан соң электрондық теңдеулерін құрастырамыз, яғни электрон беру және қосып алу схемаларын жазамыз:
S-2 -2 → S0 5
Mn+7 + 5 → Mn+2 2
4) Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш коэффициенттерін табамыз, оларды реакция схемасына жазамыз.
5) Басқа әрекеттесуші заттардың алдына коэффициенттерін қоямыз. Реакцияның соңғы теңдеуі мынадай түрде жазылады.
5H2S + 2KMnO4 + 3H2SO4 → 5S + 2MnSO4 + K2SO4 + 8H2O
6) Теңдеудің оң және сол жағындағы элемент атомдарын санау арқылы, коюффициенттердің қойылуының дұрыстығын тексереміз.
Ионды – электронды әдіс. Ионды – электронды әдіспен тотығу – тотықсыздану реакцияларын теңестіру үшін төмендегідей ережелер қолданылады:
1) Тотығу – тотықсыздану реакциясына қатысатын қосылыстардың тотығу дәрежесі емес, ион заряды анықталады:
KMnO4 + KJ + H2SO4 → MnSO4 + J2 + K2SO4 + H2O
K+ + MnO + K+ + J-+2H+ + SO → Mn2+ + SO + J2 + 2K+ + SO + H2O
2) Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтап, тотығу – тотықсыздану үрдісінде шынайы қатысатын иондарды көрсете отырып, химиялық реакцияның иондық сызбанұсқасын құраймыз:
MnO + J- + H+ → Mn2+ + J0 + H2O
MnO ионы Mn2+-ке дейін тотықсызданып, J- - ионы J0 – ге дейін тотығады. Реакция кезінде сутегі ионының қатысуы реакцияның қышқылдық ортада өтетіндігін көрсетеді. Бұл әрі қарай тұжырым жасауға көмектеседі.
3) Әрбір жартылай реакция теңдеуі үшін электронды - иондық теңдеу құрастырылады. Егер бастапқы алынған затта оттегі саны көп болса, онда сол жақ бөлігіне оттегіні байланыстыруға қажетті сутегі ионы қосылады. Ал теңдеудің оң бөлігіне судың сәйкес келетін молекула саны жазылады.
MnO + 8H+ + 5 → Mn2+ + 4H2O
Әрбір жарты реакция теңдігіндегі электрон саны ион зарядтарының қосындысына тең болу керек.


2J- - 2 → J2 екінші жартылай реакция
2J- - 2 → J2 5 тотығу

MnO + 8H+ + 5 → Mn2+ + 4H2O 2 тотықсыздану


2MnO + 10J- + 16H+ → 2Mn2+ + 5J2 + 8H2O
Әрбір жартылай реакция теңдеуінің көбейткішке көбейтіп, тотығу – тотықсыздану үрдісіндегі электрон санын теңестіреміз. Осыдан кейін әрбір жартылай реакция теңдеуін қосып, толық реакция теңдеуін аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет