Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер (стехиометриялық есептеулер) зат массасының сақталу заңына негізделген. Дегенмен нақты жағдайда химиялық реакцияның толық аяғына дейін жүрмеуі себепті, реакция жүруі барысында заттың массасының біраз бөлігі жоғалуы мүмкін. Яғни реакция нәтижесінде шыққан зат массасы нақты шығу керекті мөлшерінен аз болады. Реакция өнімінің шығымы – бұл нақты шыққын өнім массасының шығуға тиіс өнім массасына қатынасымен өрнектелетін шама.
Егер есеп шартында реакция өнімінің шығымы көрсетілмесе шығым 100 пайыз деген сөз.
Мысал:
Темірді темір (ІІІ) оксидінен алюминиймен тотықсыздандырып аламыз. 140 г. темір алу үшін қанша темір (ІІІ) оксиді және қанша алюминий алу керек?
Есептің шешуі. (1 әдіс)
Алдымен реакция теңдеуін жазамыз:
Алуға тиісті темірдің зат мөлшерін анықтаймыз:
Реакция теңдеуінен 2 моль темір алу үшін 1 моль темір (ІІІ) оксиді және 2 моль алюминий қажет, яғни:
. Осыдан алатынымыз:
моль; моль.
Енді алюминий мен темір оксидінің қажетті массасын анықтаймыз.
г.
г
Тақырып 13 Термохимия тақырыбына есептер шығару Төменде берілген реакция теңдеуі бойынша Но, Uо, Gо и А0 мәндерін есептеңдер.
2СО2(г) = 2СО (г) + О2 (г) Стандартты жағдайларда реакцияның өздігінен жүру мүмкіндігі бар ма екенін анықтаңдар.
Шешуі: Анықтамалық мәліметтерді қолданып тұрақты қысымдағы реакцияның жылу эффектісін есептейміз:
Ноr = ni Нofөнім – ni Нof баст.зат =
= 2Нof CO + Нof O2 – 2Нof CO2 =
= [2(–110,70) + 0] – 2(–393,51) = 565,62 кДж/моль.
Ішкі энергия өзгерісі энтальпия өзгерісімен анықталады:
Uor = Hor – nRT,
мұндағы: n – реакция барысындағы газ тәрізді заттар моль санының өзгеруі,
n = 3 – 2 = 1;
R – әмбебап газ тұрақтысы (8,314103кДж/мольК);
Т = 298К.
Ендеше:
U0r = 565,62 – 8,31410–3 298 = 563,14 кДж/моль.
Gor есептеу үшін алдымен энтропия өзгерісін анықтаймыз:
Sor = 2SoСО + SoО2 – 2SoСО2 =
= (2197,48+205,03) – 2213,66 = 172,67 Дж/мольК.
Сонда анықталған Гиббс энергиясының мәні:
Gоr= Ноr– ТS0r= 565,62 – 298172,6710–3 = 514,16 кДж/моль.
Енді Гельмгольц энергиясының өзгеруін анықтаймыз:
Аor = Uor – TSor = 563,14–298172,6710–3 = 511,68 кДж/моль
Gor және Аor оң мәндері стандартты жағдайда реакция өздігінен тура бағытта жүре алмайтынын көрсетеді.