Жалпы ережелер



бет4/25
Дата13.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#82179
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жалпы және бейорганикалық химиядан есеп шығару әдістемесі

Молекулалық формула. Молекулалық формула молекула құрылымына әр элемент атомының қаншасы кіретінін көрсетеді. Молекулалық формулада индекстер жай формуладағыдан бүтін санға еселі болады.
Құрылымдық формула. Құрылымдық формула құрамына қандай атомдар, қандай ретпен, саны қанша енетінін, атомдар арасындағы байланыс санын, типін көрсетеді.
Кеңістіктік формула
Атомдар мен атом топтарының кеңістікте бір-біріне қатысты қалай орналасатынын көрсетеді (құрылымдық формула беретін ақпаратқа қосымша).
Атом радиусы (r) – атом радиусының ең алыс энергетикалық деңгейге дейінгі қашықтықтығы (А0=10-10м, А0 – ангстрем, нм – нанометр 1 нм=10-9м).
Иондану энергиясы – қозбаған атомнан бір электронды жұлып алуға жұмсалатын энергия (I, кДж/моль) иондану энергиясын электронвольт берсе, оны иондану потенциалы деп атайды. 1 эВ=1,602∙10-19 Дж. Иондану энергиясының шамасы элементтің тотықсыздандырғыштық қасиетін сипаттайды.
Электронтартқыштық (F, кДж/моль) – бейтарап атомға бір электронды қосқанда шығатын не сіңіретін энергия, ол да электрон-вольтпен беріледі. Осы шама мәні элементтің тотықтырғыштық қасиетін сипаттайды.
Электртерістілік (ᵡ, кДж/моль) – химиялық байланыс түзілген кезде бір элемент атомының екіншісінен өзіне электронды тарту қабілетін сипаттайды. Малликен ұсынысы бойынша оны мына формуламен анықтайды. ᵡ=
Тотығу дәрежесі – араб цифрларымен белгіленеді, қосылыстарда байланысқан электрондар электртерістілігі жоғары, элементке толық ауысып не ығысып кетуінен пайда болуға тиісті көрінерлік заряд. Ол нөлдік, оң, теріс, бүтін, бөлшек мәнді бола алады.
Валенттілік – элементтің басқа элементтің басқа элементпен белгілі бір байланыс түзе алуын сипаттайтын шама. Ол бүтін 1-8 аралығындағы мәндерді қабылдайды, рим цифрларымен белгіленеді. Қосылыстың графикалық формуласы көмегімен оның құрамындағы элементтердің валенттілігі мен тотығу дәрежелерін көрсетуге болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет