7 тақырып Химиялық байланысқа есептер шығару Химиялық байланысты сипаттауда ВБ, МО әдісі мен Гиллеспи моделі қолданылады.
ВБ теориясы химиялық байланыстың қанығуын, бағытталуын, химиялық реакциялар активациясын түсіндіруде қолайлы. Бірақ қосылыс құрылысын, еселі байланысты түсіндіруде дара электронды қосылыстарды түсіндіруде молекула спектрлерін сипаттауда тиімсіз болады.
Мысалы, газ күйіндегі О2 молекуласында осындай дара электрондар бар екені анықталды. ВБ әдісі бойынша олай болу мүмкін емес.
2рх2ру2рz
2рх2ру2рz
ВБ әдісі бойынша шыққан бұл тұжырым эксперимент нәтижелеріне дәл келмейді.
Сондықтан ВБ әдісі түсіндіре алмаған сұрақтарға МО әдісі жауап береді.
МО теориясы бойынша молекула тұтас жүйе деп есептеледі.
АО МО түзу үшін: 1) олардың энергиялары бір-біріне таяу болу керек; 2) бір-бірін недәуір бүркеуі қажет; 3) молекуланың байланыс линиясына қатысты бірдей симметриялы болу керек.
Сутек молекуласында МО түзілуі
Гиллеспи моделі байланыс түзуіге қатыспаған электрон жұбының тебу қабілетіне негізделген. Жұптасқан электрондар орналасқан аймақ байланыс түзуге жұмсалмаған электрондар орналасқан аймаққа қарағанда мөлшері аз орын алады.
Егер орталық атом өзіне электрон тығыздығын күшті тартатын лигандалармен қоршалған болса, онда жұптасқан электрондар көп уақытын лигандалар айналасында өткізіп, бұл электрондардың орталық атом айналасындағы орналасу кеңістігін кемітеді.
Қос байланыстың екі электрон жұбы (немесе үш байланыстың үш жұбы) орталық атом айналасында бір байланысқа қарағанда көп орын алады.