8.1 Аралық бақылауға арналған сұрақтар Аралық бақылау тапсырмалары өзін-өзі бақылау тапсырмаларына ұқсас және түрі өзгертілген тапсырмалар түрінде беріледі
Жай А заты хлорсутекпен әрекеттеседі де В затын және сутегін бөледі. Дәл осындай А заты массасы хлормен әрекеттескенде С заты түзіледі. Оның массасы В затынан 1,254 есе ауыр. В заты да С заты да сумен әрекеттесіп Д тұнбасын береді. Оны қақтағаннан кейінгі массасы А затының массасынан 2,143 есе артық. С затын суда еріткенде түзілген Д затын ерітіндіден бөліп алғаннан кейінгі ерітіндідегі хлорид иондарын толық тұндыру үшін қажет күміс нитраты массасы В затымен өзгеріс жасауға қажетті күміс нитраты массасынан 1,33 есе артық. А, В, С, Д заттары қандай заттар? Барлық айтылған үрдістердің реакция теңдеулерін жазыңдар.
2 Құрамында 1г Х металының нитраты бар сулы ерітінді 6 г натрий галогенидімен әрекеттесіп, А затының ерітіндісі мен аммиактың сулы ерітіндісінде еритін массасы 1,0 г ақ кристалдық тұнба береді. Х металы мен А заты қандай заттар? А заты натрий сульфаты, сульфиті, сульфиді қосылыстарымен әрекеттеседі ме? Есепте берілген барлық реакция теңдеулерін жазыңдар.
3 Хлор суы арқылы қалыпты жағдайда көлемі 1 л газ өткізген. А газы толық сіңірілгеннен кейін ерітіндіде В және С қышқылдары түзілді. Осы ерітіндіні барий хлориді ерітіндісімен өңдегеннен кейін, массасы 10,4 г азот қышқылында ерімейтін Д тұнбасы түзіледі де, ерітіндіде тек С қышқылы қалады. А, В, С, Д заттарын анықтап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
4 Сутегі бойынша тығыздығы 38,3 болатын, көлемі V литр А газын қатты қызған шыны түтік арқылы өткізгенде оның қабырғасында қызыл түсті металдық айна түрінде (В) заты түзіледі және 2V литр С газы бөлінеді. Бұл газ титанда жақсы ериді. Егер А газын күміс нитраты ерітіндісінен өткізсек Д тұнбасы түзіледі. А-Д заттарын анықтап, реакция теңдеулерін жазыңдар.
5 Ақ түсті қатты А заты суда ерігенде қышқыл ерітінді түзіледі. А заты концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде молярлық массасы 20 г/моль құрамында Х элементі бар газ бөлінеді. А затының құрамындағы Х элементінің мөлшері 48,7 %. Не себепті А затының ерітіндісі қышқылдық орта көрсетеді?
Калий селитрасын қайта кристалдау арқылы тазарту үшін массасы 500г селитра алынып массасы 600г суда ерітілді. Алынған ерітінді 00С дейін суытылды. Қанша тұз массасы шығынға ұшырап, қанша таза тұз алынғанын есептеңдер.
Массасы 2.85г калий бромиді мен калий йодиді суда ерітіп, ерітіндіге хлордың артық мөлшерін жіберген. Соңынан ерітіндіні суалтып нәтижесінде алынған тұзға күміс нитратының артық мөлшерімен әсер еткенде 2,87 г тұнба түзілген. Бастапқы қоспадағы калий бромидінің массалық үлесі қандай?
Күміс және натрий нитраттары қоспасы қақталды. Қатты қалдықты 124,2 мл сумен өңдегенде массалық үлесі 10 % -дық ерітінді түзіліп 7,2 г зат ерімей қалды. Нитраттарды қақтағанда түзілген газдар көлемін анықтаңдар.
Темір III нитратының бастапқы массасының 60% ажыраса, қалған қатты қалдықтағы заттардың массалық үлесі қандай?
Массасы 7,2г темір мен темір қағының қоспасы сутегімен тотықсыздандырылды. Реакция өніміне тұз қышқылымен әсер еткенде 2,24 л газ (қ.ж) бөлінді. Бастапқы қоспадағы заттардың массалық үлесі қандай ?
10. Магний ұнтағы ауада қыздырылғанда жартылай тотығып массасы 10% -ға артты. Реакция өніміндегі ν(Mg) = ν(MgO) қатынасын анықтаңдар
Күші 2 ампер ток 40 минут бойы электролиз процесіне қолданылғанда катодта 4,542г металл бөлінді. Ос металдың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.
Металл кальцийді кальций хлоридінің балқындысын электролиздеп алғанда ток бойынша шығым 70 пайыз. 200г кальций алу үшін қанша токты электролизер арқылы өткізуге болады?