Байланысты: Жалпы және бейорганикалық химиядан есеп шығару әдістемесі
7.4 Берілген тақырыпты тыңдаушының өз бетімен меңгеруіне арналған әдебиеттер (Негізгі 2-3-), қосымша 1-4. Презентациялар, видео фильм
7.5 Өзін-өзі бағалауға арналған материалдар (тест т.б.) 1 Натрий дигидрофосфаты, аммоний хлориді, күкірт қышқыл, азотты қышқыл, көміртек(ІV) оксиді, хром(ІІІ) гидроксиді, барий карбонаты мыстың негіздік карбонаты қосылыстары берілген. Олардың мольдік массаларын тауып, әрқайсысының 200г массасындағы зат мөлшерін анықтаңдар.
2 Әрқайсысының массасы 6г фосфин, кремний оксиді және бериллий фториді берілген. Молекула санын салыстырыңдар.
3. Берілген 6,02*1023 молекула хлор сутек, 3,01*1023 молекула метан, 60,2*1023 атом хлордың, 6,3 г азот қышқылының моль санын анықтаңдар.
Табиғи сутек екі изотоптан протий мен дейтерийден түзілген, олардың массалық үлестері сәйкесінше 99,98 және 0,02%. Сутектің атомдық массасын есептеңдер.
4. Бор атомы ядросын 5В10 нейтронмен атқылағанда литий Li7 изотпы түзілді. Аралық ядро мен бөлінген бөлшекті анықтап, реакция теңдеуін жазыңдар.
5. Егер 92U238 ядросы 8α 6β бөлшек жоғалтса қандай элемент ядросы түзіледі?
6. Қорғасынның радиоизотопының Pb210 орташа өмір сүру уақыты 109с. Радиоактивтілік ыдырау константасы мен жартылай ыдырау периодын анықтаңдар.
7. Көлемі 1л әлдебір газдың қалыпты жағдайда массасы 0,76г. Молекулалық массасын табыңдар.
8. Көлемі 100 л көмір қышқыл газының 27оС және 1,5 атм. Қысымдағы массасы қандай?
9. Газ тәрізді зат 770мм сынап бағанасы және 27ОС температурадағы массасы 0,5г болса, молекулалық массасы қандай болғаны?
10. Көлемдері 3л көмір қышқыл газы, 4л оттек және 6л азот араластырылды. Араласқанға дейінгі қысымдары сәйкесінше 96,108 және 90,6 кПа тең. Газдар қоспасының жалпы көлемі 10л. Қоспаның қысымын анықтаңдар.
11. Көлемі 2 мл оттек газында қалыпты жағдайда қанша молекула бар екенін есептеңдер.
12. Егер (қ.ж.) 2 л пропанды жақса қанша көлем көмір қышқыл газы түзіледі?
13. Массасы 0,014кг азот 21оС температура мен 132 кПа қысымда қандай көлем алады?
14. Калий перманганаты айырылғанда оттек түзіледі. Егер 1 моль калий перманганаты 0оС температура мен 101,3 кПа қысымда ыдыраса қаншы көлем оттек газы түзіледі?
15. Мырыш сұйық күкірт қышылында ерісе, 17оС температура мен 102,6 кПа қысымда қанша көлем сутек бөлінеді?
16 Фосфат, гидрофосфат және дигидрофосфат түзілу реакциясындағы фосфор қышқылының эквивалентін анықтаңдар.
17. Күкіртті сутек, фосфор оксиді, күкірт қышқылы, кальций оксидіндегі күкірттің, фосфор мен кальцийдің эквиваленттік массаларын табыңдар.
18. Калий гидроксидінің артық мөлшерімен дигидрооксовисмут (ІІІ) нитраты реакцияға түсті. Реакция теңдеуін жазып, эквиваленті мен эквивалеттік массасын табыңдар.
19. Темір(ІІІ) гидроксидінің тұз қышқылымен реакция теңдеуін жазып, дигидрооксотемір хлориді түзілсе, осы реакциядағы темір гидроксидінің эквиваленті мен эквиваленттік массасын табыңдар.
20. Массасы 98г күкірт қышқылы 24г магниймен реакцияға түссе, егер магнийдің эквиваленттік массасы 12г/моль болса, күкірт қышқылының эквиваленттік массасын табыңдар.
21. Массасы 4,8 магний жанғанда 8,0г оксид түзілді. Магнийдің эквиваленттік массасын табыңдар.
22. Массасы 2,20г металл сутекпен 2,52г гидрид түзді. Металдың эквиваленттік массасын анықтап, гидридтің формуласын жазыңдар.
23. Қалайының оксидтеріндегі оттектің массалық үлестері сәйкесіше 21,2 % и 11,9 % тең. Қалайының эквиваленттік массасын табыңдар.
24. Массасы 5,6г темір күкіртаен 9,8г сульфд түзді. Егер күкірттің эквиваленттік массасы 16г/моль екені белгілі болса, темірдің экфиваленттік массасы қандай болғаны?
25. Қышқылдан 2,0г екі валентті элемент 1,12л сутекті 00 С температура мен 101,3 кПа қысымда ығыстырып шығаратын болса, элементтің эквивалентінің молярлық массасын анықтаңдар.
26. Жүйедегі заттардың агрегаттық күйін ескере отырып төмендегі реакциялардың тепе-теңдік константасы теңдігін құрыңдар.
CuO+H2 H2O+Cu
Fe3O4+4H2 3Fe+4H2O
27. Аммиак түзілуі мына теңдеумен өрнектеледі:
N2+3H2 2NH3+91,96 кДЖ
Аммиак шығымы максимальды болу үшін қысым, температураны қалай өзгерту керек. (Ле-Шателье принципін қолдану)
28. 2A+2B → C химиялық реакциясының жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрациясын 3 есе арттырып, ал қоспа температурасын 300 С төмендетсе қалай өзгереді? Температуралық коэффициент мәні 2-ге тең.
29. Мына реакциялардың тепе-теңдігі қалай өзгереді?
2CO+O2 2CO2 + 568,48 кДж
2SO2+O2 2SO3 + 172,38 кДж
2HBr H2+Br2 - 59,83 кДж
2N2+O2 2NO - 56,99 кДж
температура төмендетсек;
қысымды арттырсақ
30. Мрамор CaCO3 тұз қышқылында ерігенде t = 350С реакция жылдамдығы мына процеспен анықталады:
СО32- + Н+ → НСО3- Егер Н+ -ның мрамор бетімен әрекеттесуінің меншікті жылдамдығы 4,38*1018 ион/см2*с болса, көміртегі (ІV) оксидінің бөліну жылдамдығы (мл/см2*с) қандай?
Жауабы: ν=0,08мл/см2*с СО2 31. BCl3, CaCl2, GeCl4 молекулаларындағы байланысты сипаттаңдар.
32. K-S, H-S, C-S молекулаларының қайсысы көбірек полярлы?
33 Күкіртті сутек пен күкірт диоксиді молекулалары ның диполь моментері сәйкесінше келесідей мәндерге ие: 3,1*10-30 Кл*м және 2,0*10-30 Кл*м. Қай молекула полярлы?
34. Массасы 80г мырыш тақташа қорғасын (ІІ) нитраты ерітіндісіне батырылған. Біраз уақыт өткен соң тақташа массасы 94,2 г болды. Ерітіндіде өткен мырыш массасын анықтаңдар.
35 Массасы 73г мырыш үлгісін массасы 240г никель (II) сульфаты ерітіндісіне батырды. Біраз уақыт өткен соң үлгі массасы 71,8г болды. Реакциядан кейінгі мырыш сульфатының массалық үлесін анықтаңдар.
35. Көлемі 300 мл 22,4%-тік KOH ерітіндісін (р=1,2г/мл) электролиздегенде катодта 89,6 л (қ.ж) газ алды. Пайда болған ерітіндідегі калий гидроксидінің массалық үлесін анықта.
36. CaCl2 балқындысын электролиздегенде түзілген барлық кальций 10 л суда ерітілді, нәтижесінде 9,52 л сутек түзілді. Ерітіндідегі кальций дифосфаты түзілгенше фосфор оксиді қосылды. Түзілген ерітіндідегі кальций гидрофосфатының массалық үлесін анықта
37. Калий хлориді ерітіндісін электролиздегенде алынған хлор көлемі 50 мл ρ = 1,2 г/мл натрий хлориді ерітіндісінен өткізілді. Хлор мен тұз толық әрекеттесті. Хлордың көлемі мен соңғы ерітіндідегі тұздың массалық үлесін анықтаңдар.
38. Натрий нитритінің калий перманганатымен қышқылдық ортада тотығу реакция теңдеуін жазып ионды электронды әдіспен теңестіру.
39. Массасы 4 г қатты А затын хлормен өңдегенде тек бір ғана өнім В сұйық заты (қ.ж.) түзіледі. В затына артық мөлшерде сумен әсер еткенде 3 г бастапқы А заты және уақыт өте ауа бойынша тығыздығы 2,2 болатын С газын бөлетін күшті қышқылдық сұйық зат түзіледі. Бастапқы А затын оттегімен тотықтырғанда В затын суға салғанға қарағанда 4 есе көп С газын алуға болады. А, В, С заттарын анықтап, нәтижесін есептеумен дәлелде.
40. Кальций оксиді мен кальций карбонатының 10г қоспасын массалық үлесі 10%-дық тығыздығы 1,048г/см3 тұз қышқылы ерітіндісімен өңдеген. Нәтижесінде 896 мл газ түзілген (қ.ж). Қоспа компоненттерінің массалық үлесін және жұмсалған тұз қышқылы көлемін анықтаңдар.