Байланысты: Жалпы және бейорганикалық химиядан есеп шығару әдістемесі
Жалпы ережелер
Педагогтердің біліктілігін арттыру курсының ұсынылған білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) төмендегі нормативтік құжаттар мен негізгі ережелерді, талаптарды ескере отырып әзірленді:
- Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы»; 27 шілде 2007 ж № 319–III соңғы өзгертулер мен қосымшаларды ескерілген.
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы»;
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру стандарты;
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (әрі қарай – МЖМБС);
Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы 7-9 сыныптар, 10-11 сыныптар (ҚГБ пен ЖМБ), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген, соңғы өзгерістер мен қосымшалар ескерілген.
Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы орта мектеп, лицей, гимназия химия пәні мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған.
Орта мектепте, лицей, гимназияларда және колледждерде химияны оқытатын мұғалім жұмысының ұтымды болуы теориялық білімнің тереңдігіне және оны іс-тәжрибе барысында шығармашылықпен қолдана білуіне көп байланысты.
Химия – теорияны жүйелі оқу көптеген мәселелердің шешу жолын өз бетімен іздестірумен тығыз байланысты, сондықтан оқушының ойлау әрекетінің, шығармашылық деңгейінің жоғарылығын тілейтін, алған білімін практикада дұрыс қолдана білуін талап ететін ғылым саласы. Оны жүзеге асырудың негізгі құрамдас бөлігі химиядан есептерді, жаттығуларды орындай білу икемділігі есептеледі. Әсіресе, жүйелі ойлауды қажет етететін қиындатылған, күрделі есептерді және химиялық процестердің мәнін жете түсінуде қажетті типтік есептер мен эксперименттік есептерді шығара білуі мұғалімдердің ғылыми – диалектикалық көзқарасын, шығармашылық ойлауын, таным қызығушылығын дамыту, химияның өмірмен, басқа пәндермен, практикамен байланысын ашып, оларды практикалық білім, білік, икемділік, дағдылармен қаруландыруға бағытталады. Химиядан есептер шығаруда жалпы және бейорганикалық химияның тақырыптары шығарылатын есептер оқушылардың химия пәнін терең меңгеруіне негіз болуы керек. Қазіргі кездегі химиялық білімнің меңгерілу процесіндегі психолого-педагогикалық талаптар бойынша теориялық білімдерін әр түрлі есептер шығаруда белсенді қолдана білуге үлкен мән беріледі.
Мұғалімдер химиядан сандық және сапалық есептерді шығару икемділігін жоғары деңгейде дамытса, онда шәкірттері қалыптастырушы және жиынтық бақылау жұмыстарын, ҰБТ тапсырмаларын қиналмай орындайтын болады. Ондай есептерді шығару оқушылардың өзбетімен жұмыс істеу қабілетін көтеріп, дербестігінің жоғарылап, шығармашылық деңгейін арттырады, химиялық білімді тереңірек меңгеруге бағыттап, функционалдық сауаттылығын артырады.
Бағдарлама бойынша оқудың жалпы көлемі 72 сағатты құрайды.