Жалпы ережелер


Практикалық сабақтар (Workshop)



бет9/25
Дата16.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#115756
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Жалпы және бейорганикалық химиядан есеп шығару әдістемесі

6.3. Практикалық сабақтар (Workshop)



Тақырып №

Практикалық сабақ атауы

Практикалық сабақ мазмұны

Сағат саны

Ескертпе

1 тақырып

Химия заңдары мен зат мөлшері

Эквивалент,құрам тұрақтылық, зат массасының сақталу заңын есеп шығаруда қолдану. Эквивалентке есептер

1




2 тақырып

Химиялық формула

Химиялық формула бойынша есеп түрлері, формула табуға есептер

1




3 тақырып

Химиялық байланыс

Химиялық байланысты сипаттауға мысалдар. ВБ, МО, Гиллеспи моделі.

1




4 тақырып

Ерітінділер. Олеум

Олеумге есептер шығару.

2




5 тақырып

Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептер

Химиялық реакция теңдеуін қолданып шығарылатын барлық есептерді шығару

2




6 тақырып

Термохимия

Гесс заңына, энтропия,энтальпия, Гиббс энергиясы тақырыптарына есептер шығару

1




7 тақырып

Кинетика мен тепе-теңдік

Кинетикаға және химиялық реакцияның тепе-теңдігін байланысты есептер шығару

1




8 тақырып

Тотығу тотықсыздану процесі

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруге тапсырмалар орындау

1




9 тақырып

Электролиз

Электролиз тақырыбына есептер шығару. Электролиз процесі теңдігін құру, электролиз өнімдерін анықтау, есепшығаруда Фарадей заңдарын қолдану

1




10 тақырып

Химиялық қасиеті бойынша заттарды анықтау

«Жұмбақ» есептер мен «Қақпан» есептер шығару

1




Барлығы







12







    1. Зертханалық жұмыс




Тақырып№

Зертханалық жұмыс атауы атауы

Зертханалық жұмыс мазмұны мазмұны

Сағат саны

Ескертпе

1 тақырып

Ерітінділер әзірлеу

Әр түрлі концентарциялы(молярлы, эквиваленттік мөлдік, проценттік) ерітінділер әзірлеу

2




2 тақырып

Химиялық реакция жылдамдығын анықтау. Химиялық тепе-теңдік

Эксперименттік жолмен химиялық реация жылдамдығын анықтау

2




3 тақырып

Белгісіз заттарды анықтау

Сапалық талдау бойынша берілген белгісіз заттарды анықтау.

2




Барлығы:







6







    1. Тыңдаушының өзіндік жұмысы

Тақырып №

Өзіндік жұмыс атауы

ӨЖ мазмұны

Сағат саны

Ескертпе

1

Химия заңдары мен зат мөлшері

Эквивалент,құрам тұрақтылық, зат массасының сақталу заңын есеп шығаруда қолдану. Эквивалентке есептер

1




2

Химиялық формула

Химиялық формула бойынша есеп түрлері, формула табуға есептер

1




3

Химиялық байланыс

Химиялық байланысты сипаттауға мысалдар. ВБ, МО, Гиллеспи моделі.

2




4

Ерітінділер. Олеум

Олеумге есептер шығару.

1




5



Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептер

Химиялық реакция теңдеуін қолданып шығарылатын барлық есептерді шығару

1




6

Термохимия

Гесс заңына, энтропия,энтальпия, Гиббс энергиясы тақырыптарына есептер шығару

1




7

Кинетика мен тепе-теңдік

Кинетикаға және химиялық реакцияның тепе-теңдігін байланысты есептер шығару

1




8

Тотығу тотықсыздану процесі

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруге тапсырмалар орындау

2




9

Электролиз

Электролиз тақырыбына есептер шығару. Электролиз процесі теңдігін құру, электролиз өнімдерін анықтау, есепшығаруда Фарадей заңдарын қолдану

1




10

Химиялық қасиеті бойынша заттарды анықтау

«Жұмбақ» есептер мен «Қақпан» есептер шығару

1




Барлығы







12







  1. Оқу әдістемелік жағынанан жабдықталуы

1 тақырып. Дүниежүзілік бірліктер жүйесі.
Масса, күш, ұзындықтың метрлік жүйесі 1789-94 жылы енгізілген. Метрлік жүйенің жетілген түрі СИ жүйесі. Өлшемдердің бас конференциясымен 1960 жылы қабылданған.
СИ системасында масса эталоны ретінде килограмм алынған, ол платина-иридий құймасынан жасалған. Бұрын метр платина-иридий эталонындағы екі кертіктің арасы ретінде алынған. Ал қазір криптон-86 спектрінің тоқ сары қызыл сәулесінің 1650763,37 толқын ұзындығымен анықталады.
Уақыт өлшемі ретінде СИ системасында секунд алынған. Бұрын секунд тәуліктің 1/86400 бөлігі ретінде алынса, ал қазір цезии-133 атом күйінің сәулелену уақытының интервал аралығы 9192631770 периодымен анықталады, толқын ұзындығы 3,26 см.
Көлем өлшемі м3, ал химияда көлемді литрмен өлшейді, ол 1/103м3 немесе милилитр 1*10-3л немесе 1 куб.см. 1мл=1см3.
Күш өлшемі ньютон (н), энергия өлшемі джоуль (Дж). 1н күштің денені 1м қашықтыққа күштің ығымен жылжытуы. 1Дж=1н*м=107эрг. =107дин.см. Ньютон=105 дин. (СГС жүйесіндегі күш өлшемі)
2 тақырып Моль зат мөлшері бірлігі ретінде, химиялық элементтер изотоптары қоспасы арқылы орташа атомдық массаны табу, радиоактивтілік, атом құрылысы.
Есеп дегеніміз бұл болмыстың қысқаша схемаланған моделі. Ол ғылым заңдылықтарына қайшы келмей, тілі жатық түсінікті, теория мен фактілерге сүйенген болу керек. Оқушыларға физика курсынан белгілі: массамен көлем арасындағы байланыс және масса мен зат мөлшері арасындағы байланыстар. Міне осы мәліметтерді пайдалана отырып есептер шығаруға болады. Мысалы:
m = p ∙V және m =n ∙ M Осыдан M = m / n ; n = m / М
Көпшілік химиялық элементтер изотоптар қоспасы түрінде кездеседі. Элементтің атомдық массасы изотоптар массасының қосындысынан тұрады, әр изотоп массасы олардың табиғатта кездесетін массалық үлесіне көбейтіліп, қосылады да, 100-ге бөлінеді.



16 • 99,759 + 17 • 0,037 + 18 • 0,204
100

Ar(O) = = 15,9994≈16


Атом күрделі құрылысты. Ол протон, нейтрон, электроннан тұрады.


Ядролық реакциялар химиялық теңдеулер көмегімен жазылады, бірақ бұл теңдеулерде химиялық таңбалар элемент атомдарын емес, тек олардың ядросын белгілейді. Ядролық реакцияларды құрғанда теңдеулердің екі жағындағы зарядтар мен масса сандарының қосындысы тең болу керек. Ядролық реакция теңдеуі:

3 тақырып Эквивалент тақырыбына есептер
Эквивалент заңын (1803-1814 жж.) ұсынған ғалымдар Дальтон мен Рихтер болатын. Эквивалент заңының анықтамасы: «Элементтер мен заттар бір-бірімен әрекеттескенде немесе химиялық реакцияларда бірі-бірінің орнын басқанда эквиваленттеріне пропорционалды салмақ қатынасында болады».
Эквивалент – деп заттың қышқылдық – негіздік, ион алмасу, реакциясы кезінде бір сутек ионына, ал тотығу-тотықсыздану немесе бір электронға сәйкес келетін немесе алмасатын, қосылысатын, бөлініп шығатын заттың нақты (реальды) не шартты бөлшегін атаймыз.

Эквивалент тақырыбына есеп шығарғанда қолданылатын физикалық шамалар арасындағы байланыс



Эквиваленттік зат мөлшері nЭ(А) немесе n( А), моль. Мұндағы b-A элементінің валенттілігі.

Эквиваленттік мольдік масса МЭ(А) немесе М( А), г/моль сутегі үшін 1,008 г/моль, оттегі үшін –8 г/моль.

Эквиваленттік V Э(А) Сутегі үшін – 11,2 л/моль, Оттегі үшін - 5,6 л/моль.

Эквиваленттік қатынас заңы


nЭ(А) үшін формула
nЭ(А)=

Эквиваленттік қатынас


Егер А мен В газдар болса, онда

Эквиваленттік мольдік массаны есептеуге арналған формулалар.
Жай зат А үшін
Мұндағы b-? німіз А элементінің валенттілігі.
Мысалы: ; НаВ типті қышқыл үшін: мұндағы -қышқылдың негізділігі.
Мысалы
А(ОН)б типті негіз үшін
мұндағы -ның қышқылдылығы.
Мысалы,
АаВв типтес тұздар үшін
Мысалы,
Эквиваленттік мольдік массада химиялық формула алдында тұрған және көбейткіштерін эквиваленттік факторы (f) деп атаймыз.
Мысалы мынадай реакция теңдеуі үшін:

n 2 моль 3моль 1моль 6моль
зат мөлшері
f 1
экв. фактор
экв. мольдік
масса 26г/моль 49г/моль 57г/моль 18г/моль
Эквиваленттік қатынастар заңы негізінде есептеулер жүргізу үшін эквиваленттік мольдік массаны есептеп, эквиваленттік зат мөлшерін анықтау керек.
4 тақырып Химиялық формула бойынша есептеулер
Химиялық формула бойынша есептер түрлері: қосылыстың молекулалық массасын, валенттілік бойынша формула құру, химиялық формуладағы элемент атомдарының валенттілігін, элементтердің массалық үлестерін, массалар қатынасын, газ тәрізді заттар үшін көлемін, тығыздығын анықтаймыз.
Заттың мольдік массасы. М(х) зат массасының (m) зат мөлшеріне (ν) қатынасымен анықталатын шама. М(х)= немесе М(х)= ;
Мольдік масса бірлігі кг*моль-1 немесе г*моль-1. Мольдік масса сан жағынан салыстырмалы молекулалық массаға тең. Мысалы,
Ar (Na)=23 Mr (H2SO4)=98
M(Na)=23г/моль M(H2SO4)=98г/моль.
Мольдік көлем Vm – зат көлемінің осы көлемдегі зат мөлшеріне қатынасымен анықталатын шама.
Vm= ;

Бірлігі – м3/моль немесе л/моль. ν(х)=1 моль, Vm=22,4 литр, немесе 22,34*10-3м-3.


Абсолюттік атом массасы (кг,г) – элементінің мольдік массасының Авогадро тұрақтысына қатысы. Мысалы,
m(O)=


m(O)=

  1. Массасы 11г көмір қышқылында (СО2) қанша молекула бар және зат мөлшерін табу.

Шешуі:
M(СО2) =11г n = m / М N0 = n ∙ NА
------------------
γ(СО2) - ? N0-? М (СО2) = 44г/моль
Мr(СО2) =44 n(СО2) = 11г / 44г/моль = 0,25моль
NА =6∙1023моль-1
N0 (СО2) = 0,25 моль ∙ 6∙1023 моль-1 = 1,5∙1023
Жауабы: 11г көмір қышқылында (СО2) -0,25 моль және 1,5∙1023 молекула бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет