Ішкі энергия U - бұл жүйедегі микробөлшектердің хаосты (жылулық) қозғалысының және осы бөлшектердің (молекула, атом, электрон, ядро т.с.с) әсерлесу энергиясы. Ішкі энергияға жүйедегі кинетикалық энергия және сыртқы потенциалдық энергия жатпайды.
Ішкі энергия - термодинамикалық жүйе күйінің бір мәнді функциясы, ал әр жүйе толығымен ішкі энергиясымен анықталынады. Сондықтан ішкі энергия жүйенің қазіргі күйге қалай келгеніне тәуелді емес. Ішкі энергияның өзгерісі бір күйден 2-ші күйге өткенде тек қана осы күйлердің ішкі энергиясының өзгерісімен анықталынады және ауысу жолына тәуелді емес.
Еркіндік дәрежесінің саны.
Еркіндік дәрежесінің саны – кеңістіктегі жүйенің күйін толық анықтайтын, тәуелсіз айнымалылардың саны.
Қатты молекулалардың идеал газының еркіндік дәрежесінің саны.
Реалды молекулаларда атом мен молекулалардың арасында тығыз байланыс жоқ, сондықтан молекулалардың ішіндегі атомдардың тербелмелі қозғалысының еркіндік дәрежесін де есепке алу керек.
Молекулалардың жалпы еркіндік дәрежесінің санына байланыссыз, 3 еркіндік дәрежесі әрқашан жылжымалы. Олардың әрқайсысына молекулалардың жылжымалы қозғалысының кинетикалық энергиясын 1/3 береміз (0).