62.Фазалық ауысулар.
Тепе-теңдік күйдегі денелерден басқа физикалық қасиетіне байланысты ажыратылатын денелердің термодинамикалық тепе – теңдікті сақтауы фазалар деп аталады.
Заттың бір фазадан екінші фазаға ауысуы заттың құрамының өзгеруіне байланысты.
Фазалық ауысудың бірінші түрі – бұл ауысу жылу жұтылумен немесе жылу шығарумен анықталады. (мысалы, балқу, кристализация). Ол температураның тұрақтылығымен, энтропия мен көлемнің өзгеруімен сипатталады.
Фазалық ауысудың екінші түрі – ауысу жылу шығару немесе жұтылу және көлемнің өзгеруімен байланысты емес. Ол энтропия мен көлемнің тұрақтылығымен, жылу сыйымдылығының үрдіс өзгеруімен сипатталады. Фазалық ауысудың екінші түрі симметрияның өзгеруімен байланысты: ауысудың ең жоғарғы нүктесі төменгі нүктесінің ауысуына қарағанда жоғарғы симметриямен ерекшеленеді.
Фазалық ауысудың екінші түріне мысал: Ферромагниттік заттың белгілі бір қысымда және температурада парамагниттік күйге ауысуы, металмен қорытпаның төменгі температурада аса өткізгіш күйге өтуі , жай сұйық гелийдің аса аққыш сұйықтыққа айналуы.
63. Диаграммалық күй.
Егер жүйе химиялық біртектес заттан тұратын немесе оның қосындысы бір компонентті болса, онда фаза түсінігі агрегаттық күй түсінігімен сәйкес келеді.
Фазалық өзгеріс күйі диаграммасы түрінде алып қарайтын болсақ, (Р,Т) координатасында фазалық ауысу температурасы мен қысым арасындағы тәуелділік булану (КИ) , балқу ( КП) мен сублимация (КС) қисықтары түрінде беріледі, олар диаграммалық сызықты үш ауданға бөледі: олар қатты (ТТ) , сұйық (ж) және газ (г) күйіндегі фазаға дәл келеді.
Әрбір нүкте берілген фазалық тепе – теңдікке сай келетін диаграммадағы қисық фазалық тепе – теңдік қисығы деп аталады. Бір нүктеде фазалық тепе – теңдік қисықтары қиылысады және ол бір қалыпты тепе – теңдіктің үш фазалық күйінің тепе – теңдігін анықтайды, ондай нүкте үштік нүкте деп аталады.
Судың үштік нүктесі 273,16 К температураға сай келеді (немесе 0,010 С Цельсий шкаласы бойынша ) және термодинамикалық температураның шкаласын құру үшін негізгі реперлік нүкте болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |