Жалпы физика курсы



бет1/68
Дата18.10.2023
өлшемі1,97 Mb.
#117921
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
УМК 1 часть




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ


ЖАЛПЫ ФИЗИКА КУРСЫ


1 БӨЛІМ


АЛМАТЫ, 2007


УДК 53
ББК 22.3 я 73
Ж 22
Оқу құралды Алматы технологиялық университетінің оқу - әдістемелік ұйымы ұсынады

Құрастырушылар: Көшеров Т.С. – ф.м.-ғ.д., профессор, бас редактор


Шынықұлова Г.Н. – аға оқытушы
Нажипқызы М. – аға оқытушы

Пікір жазушылар: Мұқашев Қ.М. – Абай атындағы АҰПУ –нің


радиоэлектроника және радиациялық
физика кафедрасының меңгерушісі,
ф.-м., ғ. д., профессор
Құсаинов С.Ғ. – Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық
Техникалық университетінің жалпы және
теориялық физика кафедрасының
профессоры, ф.-м.ғ.д.
Ж 22 ЖАЛПЫ ФИЗИКА КУРСЫ : //Құрастырушылар: Көшеров Т.С., Шынықұлова Г.Н., Нажипқызы М. - Алматы. АТУ, 2007 – 104 б.
ISBN 9965-756-37-6
Оқу құралда жалпы физика курсы бойынша оқу бағдарламасына сәйкес силлабус, курс теориясына арналған қысқаша мағлұматтар, әр тақырыпқа сай практикалық сабаққа арналған мысалдар және үй жұмыстары, зертханалық жұмыстар (виртуалдық тұрғыда орындау) және студенттердің өздік жұмыстарына арналған нұсқаулар, жаттығу тест сұрақтары берілген. Оқу құралы 3 бөлімнен тұрады. Оқу құрал өз бетінше, Алматы технологиялық университетінінің сайты http:www.atu.kz, e-mail//atukz@mail.ru арқылы студенттерге дайындалуға және электрондық пошта арқылы тапсыруға арналған
ББК 22. я 73
ж
ISBN 9965-756-37-6
© Алматы технологиялық университеті, 2007
Алғы сөз

Алматы Технологиялық Университетіне несиелік технология бойынша оқу үрдісін енгізуге байланысты негізінде жүзеге асыруға болатын «Несиелік оқыту жүйесі ережесіне» сәйкес (9 желтоқсан 2005 ж ҚР БжҒМ, 757 - бұйрық), 2005 – 2010 жылдар аралығында ҚР – да мемлекеттік білім беруді дамытуға байланысты мемелекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсаттарында өңделген «Жалпы физика курсы» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешенін (ОӘК) дайындау қажеттігі туындады.


ОӘК пән бойынша оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдар мен қағаз жүзінде және электронды тасымалдауыштарда қамтамасыз етеді. Онда әдістемелік жағынан әртүрлі тақырыптарды, параграфтарды және тарауларды меңгерудің тиімді жолдары, сонымен қатар ұғымдарды, заңдарды және физикалық процесстерді тез игеру түрлері қарастырылған. Ол үшін физикалық есептерді шешу және берілген курс бойынша лабораториялық физикалық практикумды орындау алгоритмдері өңделген. Сондай – ақ көрнекілік ретінде берілген алгоритмдерде шешілген физикалық есептердің және лабораториялық тәжірибелерді орындау тәртіптері, әр жұмыс бойынша есеп беру түрлерінің әртүрлі нұсқалары келтіріледі. Өз бетімен шешу үшін физиканың барлық тараулары бойынша есептер көрсетілген, сонымен қатар, басқа оқу орындарында және біздің кафедра оқытушысымен өңделген виртуалды лабораториялық жұмыстар ұсынылған. Пәннің кейбір тарауларына байланысты, студенттердің түсінуіне және игеруіне қиын болатын, физикалық процестерді визуалды түрде меңгеру мақсатында мультимедиалық бағдарламалар ұсынылады.
ОӘК қосымшаларында курстық және бітіру жұмыстарын орындауға қатысты материалдар, практиканың барлық түрін өту, есеп беру бойынша әдістемелік нұсқаулар көрсетілген.
Курстың әр тарауының соңында өзін тексеруге арналған жаттығу тестері берілген.
Осындай мақсатпен «Жалпы физика курсы» пәні бойынша дайындалған ОӘК «Ереже ...» талаптарына толық жауап береді, білім алу бағдарламасын игеруге студенттердің өздік жұмыстарын белсендендіреді, ал оқытушыларды (тьютерлерді) өздерінің педагогикалық шығармашылығында оқытудың интерактивті әдістерін қолдануға ұмтылуын арттырады.
Берілген жұмыс оқырмандарға қосымша әдебиеттердің көмегінсіз өз беттерінше берілген пән бойынша оқу бағдарламасын орындауға және өз несиелерін электрондық пошта, Интернет – Сайт, пошта арқылы хат алмасу көмегімен игеруіне көмектеседі.

Авторлар


Несиелік жүйе бойынша оқыту технологиясы - студенттердің өз бетінше оқу жұмысын сапалы орындау мүмкіншілігін қамтамасыз етумен қатар, оқытудың да оқу - әдістемелік жұмысына жаңаша көзқарас талап етеді.
Несиелік оқу технологиясы үнемі жаңарып және заман талабына сай дамып, өзгеріп отыратындықтан, оқушыларға да, студенттерге де жаңаша міндеттер жүктеледі.
Несиелік оқыту жүйесі студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, олардың білімге деген ізденістерін қамтамасыз етеді, осыған байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін жетілдіру, оқу - әдістемелік жұмыс сапасын жақсарту ісі жүйелі түрде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет