Жалпы физика курсы



бет36/68
Дата02.05.2023
өлшемі1,97 Mb.
#89207
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
УМК 1 часть

Зат мөлшерінің бірлігі – моль – 0,012кг 12С көміртегі изотопындағы құрылым элемент қанша болса, соншадан тұратын жүйе затының мөлшері.
Әртүрлі заттардың бір молінде NА молекула саны бірдей болады, ол Авогадро саны деп аталады.
NA = 6.022*1023 1/ моль
Авогадро заңы: Әртүрлі заттардың молі бірдей температурада және қысымда бірдей көлемде болады. Температурасымен қысымы бірдей кез – келген газдың мольдерінің көлемдері де бірдей болады.
T = T0, P = P0 шарттарында Vµ көлемі (мольдік көлем) мынаған тең:
Vµ = 22.41*10-3 м3/моль
Мольдік масса µ = m/ν, бұл заттың бір молінің массасы. Бұдан ν = m/µ
Мольдік массаның бірлігі – кг/ моль


6. Дальтон заңы.

Парциалдық қысым дегеніміз – ол құрама газ құрамына кіретін газдың, егер ол, сол температурада құрама газдың көлемін толық алған жағдайда газдың түсіретін қысымы.
Дальтон заңы: Құрама идеал газ қысымы оған кіретін газдардың парциальдық қысымдар p1, p2 ,…, pn – лардың қосындысына тең;
P= p1+p2+…+pn немесе P=


7. Гей- Люссак заңы.

1) тұрақты көлемде берілген массасы m газ қысымы p t температурасы бойынша түзу сызық бойымен өзгереді:


Р= р0 ( 1+at ) , егер V= const, m= const болса
2) Тұрақты қысымда берілген массасы m газ көлемі V t температурасы бойынша түзу сызық бойымен өзгереді:
V = V 0 ( 1+at ) , егер Р = const, m= const,
мұндағы, a= 1/273К-1 ,V 0 және Р0 - t=0 0C – ғы қысым мен көлем.

Тұрақты қысымда өтетін процесс изобаралық деп аталады. (V, t) координатасының диаграммасында бұл процесс изобара деп
аталатын түзумен сипатталады.
Тұрақты көлемде өтетін процесс изохоралық деп аталады. (Р, t) координатасының диаграммасында бұл процесс изохора деп аталатын түзумен сипатталады.

Температура осі t = - 1/a =-2730C нүктесінде изобара мен изохора қиылысады. Егер нәтиженің басын осы нүктеге қойсақ, онда Кельвин шкаласын (термодинамикалық температура) аламыз: T= t + 1/a




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет