Жалпы физика курсы


Тұрақты көлемдегі мольдік жылу сыйымдылық



бет46/68
Дата02.05.2023
өлшемі1,97 Mb.
#89207
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
УМК 1 часть

Тұрақты көлемдегі мольдік жылу сыйымдылық.

ΔА=pdV және Сμ=δQ/VdT екенін ескере отырып термодинамика-ның бірінші бастамасынан δQ=dU+δA, 1 моль газ үшін мына формуланы аламыз:


Сμ d T = d Uμ + РdVμ
V = const болғанда, сыртқы күштердің жұмысы 0 – ге тең (δ A =0 ) және
газға сырттан берілетін жылу тек қана оның ішкі энергиясын көбейтіп, ұлғайтуға жұмсалады
СV = d Uμ / dT
СV - температураны 1К – ге көтерген кездегі 1 моль газдың ішкі энергиясының өзгеруіне тең.
d Uμ = ½ RdT болса, онда СV = ½ R болады.

  1. Тұрақты қысымдағы молярлы жылу сыйымдылық.

Майер теңдеуі.

Егер газ Р = const кезінде қыздырылса, онда


Ср = δQ / VdT = (d U + РdV ) / VdT = d Uμ / dT + РdVμ / dT
Мұндағы d Uμ / dT - процестің түріне тәуелді емес ( идеал газдың ішкі энергиясы P және V – дан тәуелді емес, ол тек Т арқылы анықталады) және әрқашан Сv – ға тең.
Клапейрон – Менделеевтің РVμ = RT теңдеуін Р = const кезінде Т бойынша дифференциалдасақ мынаны аламыз:
Ср = Сv + Р - Майер теңдеуі.
Ср әрқашан Сv – дан универсалды газ тұрақтысы шамасына үлкен.
Бұл, газды тұрақты қысымда қыздыру үшін, қысымның тұрақтысы газ көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілген сияқты, газдың ұлғаю жұмысын орындау үшін тағы да қосымша мөлшерде жылу керек болуымен түсіндіріледі.
Ср = ½ R + R = (i + 2) /2 * R
Термодинамикалық процестерді қарастырған кезде негізгі ролді мына шама көрсетеді:
γ = Ср / Сv = (i + 2) / 2 ; - ол Пуассон коэфициенті деп аталады.


ИЗОПРОЦЕСТЕР. Негізгі параметрлерінің біреуі тұрақты сақталатын
термодинамикалық жүйелермен болатын тепе-теңдік процестерді
қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет