Жалпы физика курсы



бет54/68
Дата02.05.2023
өлшемі1,97 Mb.
#89207
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
48. Карно циклы.



Айналым процесі екі изотермиядан және екі адиабаттан тұрады. Карноның тура циклын қарастырайық: жұмысшы дене орнына идеал газ қолданады. Карно циклындағы термодинамикалық процестер: 1-изотерма-2-адиабата-3-изотерма-4-адиабата-1:

Изотермиялық ұлғаю 1-2
Т=const; V2.>V1

A12=m/μ RT1 ln V2 /V1 =Q1

Адибаталық ұлғаю 2-3 δQ=0; T21

A23 =-m/μ Cv (T2 –T1 )

Изотермиялық қысылу 3-4 T=const V43

A34 =m/μ RT2 ln V4 /V3=-Q

Адибаталық қысылу δQ=0; T1>T2

A41 =-m/μ Cv (T1 –T2 )=-A23

Айналым процесіндегі жұмыс: А=А12 + А23 3441=Q1+A23-Q2+A23=Q1-Q 2
2-3 және 4-1 адиабат үшін Пуассон теңдеуі: T1V2γ-1= T2V3γ-1, T1V1γ-1=T2 V 4γ-1 бұдан, V1/V2=V3/ V4
Осыны пайдалана отырып, Карно циклындағы термодинамикалық ПӘК-ты табамыз:

ол тек қыздырғыш пен тоңазытқыштың температураларымен анықталады.



Реал газдар, сұйықтар және қатты денелер.

Реал газдарды қарастырғанда ең алдымен молекуланың көлеміне және молекула аралық әсерлесуге көңіл аудару керек.
Молекула аралық әсерлесу күштері 10-9 м кем аралықта көрінеді. Молекулааралық әсерлесу күші - бұл тартылу күші Fn (олар үлкен аралықта байқалады) және тебілу күші F0 (олар кішкентай аралықта байқалады). Екеуінің қосындысы (айырымы) r = r0 аралықта бұл күштер тең және F=0 қалыпқа келеді. r0 аралық молекулар арасындағы тепе-теңдік кезіндегі қашықтық, бұл жылулық қозғалыс жоқ кезде болады.
Ең мықты r=r0 тепе-теңдігінде өзара әсерлесу потенциалдық энергиясы U ең аз шамада болады.
Umin және kT бұл әр түрлі агрегаттық күйлердің критерийлері.
Umin жұмысты анықтайды, оны қалыптағы молекулаларды (r=r0) айыру үшін
тартылыс күшіне қарсы орындау керек.

Umin<< KT кезінде заттар газдық күйде болады, себебі молекулалардың жылулық қозғалысы олардың қосылуына (конденсация) кедергі жасайды.


Umin >> KT кезінде заттар қатты күйде болады, себебі молекулаларды бір-бірінен “ажыратуға” жылулық энергиясының күші жеткіліксіз.
Umin = KT кезінде заттар сұйық күйде болады, себебі жылулық қозғалыс нәтижесінде молекулалар кеңістікте орындарын ауыстыру арқылы қозғалыста болады, бірақ бір-бірінен r0-ден көп қашықтамайды.


49. Ван-дер Ваальс теңдеуі.

Идеал газ күйіне PVμ = RT молекула көлемін және молекула аралық күштердің әсерлесуін ескере отырып өзгеріс енгізсек реалдық газдың көлемін Vμb аламыз. Радиусы r екі молекула 2r аралыққа дейін қосыла алмайды. b көлемі 1молекуланың көлемінен 8 есе артық.



Молекулааралық күштердің тартылысы газға қосымша қысым P/ арқылы беріледі, оны ішкі қысым дейміз: P=a/V2μ мұндағы а - Ван-дер–Ваальс тұрақтысы. Мольдік газ үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі – реал газ күйінің теңдеуі:
(P+ a/V2μ) (Vμ-b)=RT
Кез-келген газ массасы үшін:
(P+V2a/V2)(V- νb) = VRT, мұндағы, ν = m/μ, V=νVμ .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет