6В05102-Биотехнология мамандығының 3-курс білім алушыларына арналған



бет1/53
Дата16.10.2023
өлшемі6,72 Mb.
#115930
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6В05102-Биотехнология мамандығының 3-курс білім алушыларына арналған
«Тамақ өнімдерінің сараптамасы» пәнінен
емтихан сұрақтары

  1. Сараптау ұғымының мәнін ашып, түрлерін ажыратыңыз.

Сараптау - алға қойылған мәселелер бойынша сенімді, /нақтылы/ шешім қабылдау үшін білікті мамандар /сараптаушылар/ тарапынан жүргізілетін тауарды жеке дара зерттеу болып табылады. Дәлірек айтқанда келтірілген тауар топтамасының саны мен сапасы, буып-түйілуі мен таңбалануының келісім-шарттарына сәйкестігін тексеру; тауардың сапалық деңгейін тұтынылу қасиеті тұрғысынан және /немесе/ ақаулық деңгейі тұрғысынан бағалау ақаулардың пайда болу себептерін және /немесе/ сол ақаудан болған сапаның төмендеу деңгейін /пайызын/ анықтау мақсатында , тауарды ұқсастандыру т.б. болып табылады. Тағам өнімдерін сараптауда бұйымының, тіршілік айналымының барлық кезендерінде /жобалау, дайындау өткізу, пайдалану, тұтыну/ жүргізіледі. Өнімді сараптаудың түрлерін бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады. Тәжірибелік сараптаудың негізінен кешенді және жедел түрлері қолданылады.Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуына байланысты ішкі және сыртқы саудада фирмалардың, өндірістердің және ұйымдардың жұмыс істеу жағдайлары күрт өзгерді. Сондықтан отандық ендірістер бүкіл әлемдік саудада қолданылатын ережелерімен тәртіптерді оқып, зерттеп, біліп іс жүзінде өзінің тәжірибесіне енгізу керек. Барлық бағыттағы халықаралық қарым- қатынас ұлттық және халықаралық қалыптардың үйлесуін талап етеді. Жоспарлық экономикадағы стандарттау, сертификаттау және метрологиялық жүйелер, қазіргі жағдайға кедергі жасап, Қазақстан Республикасының өркендік экономикаға өтуіне жол бермейді. Алға қойған мақсатты орындаудың тиімді құралы ретінде тауардың сапасын сарапттау болып табылады. Мұндай тағам өнімдерін сараптаудың мақсаты - тауардың сапасын талдау негізінде олардың тұтынушылык кұндылығын, яғни әлеуметтік тиімділігін, пайдалылығын, қолдану қолайлығын және эстетикалык жетілгендігін анықтау. Тауардың сапасын сараптау сауда, дизайн, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларында. кеңінен пайдаланылады. Мұнда ол өнімнің бүкіл тіршілік циклын: техникалық тапсырма сатысын, өндіру кезеңін, өткізу мен пайдалану, бәсекелестік қабілетін бағалауды қамтиды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет