Арттақалған аграрлық аудандарда баскаша жағдай қалыптасты. Оларға инвестициялардың жетіспеуі, жұмыссыздықтың жоғары деңгейде болуы тән, осының нәтижесінде тұрғын халықтың қартаюы және басқа жаққа көшуі байкалады. Артта қалған аграрлық ауданға Оңтүстік Италия мысал бола алады, ол дамуы жағынан өнеркәсіптік Солтүстіктен көп қалып қойған. Францияда мұндай аудандар қатарына Орталық массив. Аквитания, Солтүстік-Батыс, Корсика, Ұлыбританияда Солтүстік Шотландия жатады.
Қазіргі кезде оларға қатысты арнайы жасалған аумақтық саясат қолданылуда. Мысалы, Италияның оңтүстігіндегі Таранто қаласында ірі металлургиялық комбинат салынған. Өсу полюстері Франция, Испания және басқа елдердегі аграрлық аудандарда жасала бастады.
Жаңадан игеріліп жатқан аудандартабиғат жағдайлары қатал, ресурсқа бай аудандар болып табылады. Ежелден игеріліп келе жатқан Батыс Еуропаға мұндай аудандар онша тән емес. Әдетте, мұндай аудандар қатарына Скандинавияның солтүстік бөлігін ғана жатқызады. Басқа аймақтардағы жанадан игеріліп жатқан аудандар қатарында Аляска (АҚШ), Канаданың Солтүстігі, Гренландия (Дания), Аустралияның шөлді аудандарын атауға болады.
Дамушы елдердегі шаруашылықтың аумақтық құрылымы Дамушы елдердің аумақтық құрылымына диспропорциялар (үйлеспеушіліктер) тән болады. Оларда үлкен калалардың (орталықтар) тыныс-тіршілігі қалған (периферия) қарама-қайшы болады.
Басты орталықтың рөлі. Дамушы елдерде басы орталықтың қызметін астана атқарады. Ол шамадан тыс есіп, даму арқылы баска қалалардың тежейді. Мысалы, Буэнос-Айрес агломерациясында (Үлкен Буэнос-Айрес) Аргентина халқының 1/3 бөлігі және өнеркәсіп өндірісінің 1/2 бөлігі шоғырланған. Ал Уругвай астанасы Монтевидео үлесіне елдегі өнеркәсіп өнімінің 3/4 бөлігі сәйкес келеді.
Теңіз жағалауындағы елдерде астана басты теңіз порты қызметін де атқарады. Кейде экономикалық астана кызметін астаналық емес қала да атқаруы мүмкін. Мысалы, Үндістандағы Мумбай мен Калькутта, Бразилиядағы Сан-Паулу, Мароккодағы Касабланка қалалары осындай мәртебеге ие. Егер астана немесе экономикалық астана жағалауда орналаспаса, міндетті түрде олардың Дүниежүзілік мұхитқа шығуын қамтамасыз ететін теңіз порты болады Мехико үшін мұндай порт қызметін Веракрус, Сантьяго үшін Вальпараисо, Кито үшін Гуаякиль атқарады. Бразилияның оңтүстік-шығысында әйгілі индустриялық үшбұрыш (Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу және Белу-Оризонти) қалыптасқан. ол елдің басты экономикалық ядросы болып табылады.